8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 2099 0
Қалалықтар қаперіне

Ұялы телефонды «тоңдырмайтын» ерекше чехол

Семейлік студенттер теріскейдегі тұрғындардың ұялы телефондарын тоңдырмайтын айрықша телефон қабын ойлап тапты. Олар мұндай құндақпен қатты аязда смартфондарды ұзағынан пайдалануға болатынын айтты.

Астанада өткен арнайы форумда өздерінің жобасын таныстырған Семей медицина университетінің студенттері смартфондарға арналған мұндай құндақ (чехол) «termo-case» деп аталады дейді.

«Бұл жобаның аты «Алақай» деп аталады. Мұндай чехолдар ауа райы қолайсыз, суық аймақтардың тұрғындарына арналған.

Мәселен аязды күндері далаға ұялы телефонмен шығатын болсаңыз, смартфондардың қуаттағышы тез отырып, телефон сөніп қалады. Міне осы олқылықтың орнын толтыру үшін, осындай айрықша чехолдарды ойлап таптық.

Ол суықтың ішке енбеуін қамтамасыз етіп, смартфондағы жылылықты ұзақ уақыт бойы сақтап тұрады», – дейді студенттер.

Студенттердің ендігі мақсаты жобаға қолдау көрсететін демеуші табу болып отыр.

«Егер демеуші табылып жатса, мұндай чехолдарды әзірлеп, сатылымға шығаруға әзірміз. Бәрі уақыттың еншісінде», – дейді талантты жастар.

https://kaz.nur.kz/1780339-aly-telefondy-todyrmajtyn-erekse-cehol-kpti-ta-kaldyrdy.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»