ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 368 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ
БҚО Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан Аблазимовтың бастамасымен департаментте Ашық есік күндері жүйелі өтіп тұрады. Кешегі өткен ашық есік күні аясында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 52 оқушысы полиция департаментінің мұражайына, кинологиялық қызметіне, патрульдік полиция батальонына, кавалериялық взводына, сондай-ақ жедел басқару орталығына саяхат жасады.

Полицияның халыққа ашықтығын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді құқықбұзушылық жасамауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға, қоғамды, қоршаған ортаны сыйлауға баулу, сондай-ақ Отанға деген патриоттық сүйіспеншіліктерін арттыруды көздеген шарада полиция полковнигі, кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Белгібеков оқушыларға полиция қызметінің көпшілікке таныс емес қыр-сырларын таныстырды.
– Елбасы халыққа Жолдауында патриоттық деген ұғым туралы айтқан болатын. Осы орайда жасөспірімдерді патриоттық, ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызы ерекше. Елбасының сөзімен айтқанда «….қазақ тарихында, қазақ ұялатын ештеңе жоқ». Ендеше біз, осы қасиетті бабаларымыздың бізге жасаған баға жетпес сыйын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің басты міндетіміз, – дейді полиция полковнигі.
Әсіресе, департаментке қарасты кинология орталығы балаларға қатты ұнады. Мұнда олар із кесуші иттер мен полицейлердің аттарын қызықтап, түрлі жағдаяттардағы іс-әрекеттерін тамашалады. Кинолог мамандар иттердің әскери саладағы қызметке қалай үйретілетінін айтып берді. Кинология орталығы қызметінің басшысы Талап Әсетовтың айтуынша, мұнда 28 із кесуші ит бар. Олардың арасында қылмысты иіс сезу арқылы ашуға көмектесетін бельгиялық, неміс овчаркалары да жүр. Екі ит жалпы дайындық курсынан өтуде екен. Қызметтік иттердің көмегімен өткен жылы 368 қылмыстың беті ашылған. Өзгенің мүлкін ұрлауда қылмыстың ізін суытпай ашуда қызметтік иттердің орны ерекше. Оларды үйретуге 3-4 ай уақыт жұмсалады. Орталықта иттер 8 жыл қызмет етеді. Одан соң күзет қызметіне жіберіледі. Иттердің тілін түсінетін 14 кинолог еңбек етсе, олардың 9-ы кіші сержант, бесеуі офицер. Саяхат барысында оқушылар иттердің қылмыскерді ұстау, есірткі затын табу әрекеттеріне куә болды. Сезу қабілеттері адамдардан мың есе жоғары бұл иттер есірткі заттың белгілі бір жерде барын анықтаған уақытта сол жерді тырналап, тістелеп, тыпыршып тыным таппады. Сондай-ақ балалар атты полицейлердің қызметімен танысты. Орталықта саяжайлар мен кооператив аумақтарын бақылауға мүмкіндік беретін 25 көшім тұқымды жылқы бар екен. Полиция кіші сержанты Наталья Борзикова оқушыларға аттардың түрлері мен қызметі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.
Сала мамандары болашақта осындай игі іс-шараларды тұрақты ұйымдастыратын болды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу