8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 1629 0
Қоғам

ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 368 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

      БҚО Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор  Махсудхан Аблазимовтың бастамасымен департаментте Ашық есік күндері жүйелі өтіп тұрады. Кешегі өткен ашық есік күні аясында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 52 оқушысы полиция департаментінің мұражайына, кинологиялық қызметіне, патрульдік полиция батальонына, кавалериялық взводына, сондай-ақ жедел басқару орталығына саяхат жасады.

Полицияның халыққа ашықтығын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді құқықбұзушылық жасамауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға, қоғамды, қоршаған ортаны сыйлауға баулу, сондай-ақ Отанға деген патриоттық сүйіспеншіліктерін арттыруды көздеген шарада полиция полковнигі, кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Белгібеков оқушыларға полиция қызметінің көпшілікке таныс емес қыр-сырларын таныстырды.

– Елбасы халыққа Жолдауында патриоттық деген ұғым туралы айтқан болатын. Осы орайда жасөспірімдерді патриоттық, ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызы ерекше. Елбасының сөзімен айтқанда  «….қазақ тарихында, қазақ ұялатын ештеңе жоқ». Ендеше біз, осы қасиетті бабаларымыздың бізге жасаған баға жетпес сыйын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің басты міндетіміз, – дейді полиция полковнигі.

Әсіресе, департаментке қарасты кинология орталығы балаларға қатты ұнады. Мұнда олар із кесуші иттер мен полицейлердің аттарын қызықтап, түрлі жағдаяттардағы іс-әрекеттерін тамашалады.  Кинолог мамандар иттердің әскери саладағы қызметке қалай үйретілетінін айтып берді. Кинология орталығы қызметінің басшысы Талап Әсетовтың айтуынша, мұнда 28 із кесуші ит бар. Олардың арасында қылмысты иіс сезу арқылы ашуға көмектесетін бельгиялық, неміс овчаркалары да жүр.  Екі ит жалпы дайындық курсынан өтуде екен.  Қызметтік иттердің көмегімен өткен жылы 368 қылмыстың беті ашылған. Өзгенің мүлкін ұрлауда қылмыстың ізін суытпай ашуда қызметтік иттердің орны ерекше. Оларды үйретуге 3-4 ай уақыт жұмсалады. Орталықта иттер 8 жыл қызмет етеді. Одан соң күзет қызметіне жіберіледі. Иттердің тілін түсінетін 14 кинолог еңбек етсе, олардың 9-ы кіші сержант, бесеуі офицер. Саяхат барысында оқушылар иттердің қылмыскерді ұстау, есірткі затын табу әрекеттеріне куә болды.  Сезу қабілеттері адамдардан мың есе жоғары бұл иттер есірткі заттың белгілі бір жерде барын анықтаған уақытта сол жерді тырналап, тістелеп, тыпыршып тыным таппады. Сондай-ақ балалар атты полицейлердің қызметімен танысты. Орталықта саяжайлар мен кооператив аумақтарын бақылауға мүмкіндік беретін 25 көшім тұқымды жылқы бар екен. Полиция кіші сержанты Наталья Борзикова оқушыларға аттардың түрлері мен қызметі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Сала мамандары болашақта осындай игі іс-шараларды тұрақты ұйымдастыратын болды.

     

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
44 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
127 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
353 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
837 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1216 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1573 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2189 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2355 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2361 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2413 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2417 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2042 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2898 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2950 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2946 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3527 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3516 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3492 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3653 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»