«INTEGRITYSHOP ДҮКЕНДЕРІ» АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ
Бүгін өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен баспасөз мәлихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов оқу орындарындағы адалдық дүкендері туралы айтып берді.
Облыстағы 4 ЖОО мен 20 колледжде Integrityshop – адалдық дүкені ашылған. Бұл жобаның енгізілуі жастарды адалдық және әдептілік сынды жағымды қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталған.
– Бұл дүкендерде сатушы жоқ. Сатып алушылар тауардың ақшасын кассалық құрылғыны алмастыратын арнайы жәшікке қалдырады. Бұл фактор жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға тікелей әсер етеді, – дейді департамент басшысы.
Енді осындай адалдық дүкендерін барлық мемлекеттік мекемелерде ашу ұсынылуда. Бқл механизм он шақты жылдан бері Скандинавия елдерінде табысты жүзеге асып келеді. Жобаның енгізілуі уақыт өте қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыруға ықпал етпек.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Пікір үстеу