ИМАМДАР ӨТКЕН ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРДІ
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдарының жиыны өтіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды.

Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен өткен дәстүрлі жиынға аудан, екі қаланың имамдары қатысты. Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.
Имамдар жылдық есептерін баяндап, жоспарларын ортаға салды.
Имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы, жағдайы төмен отбасыларға көмек шараларын ұйымдастыруы, мешітте уағыз-насихат жүргізу, елді ынтымаққа шақыра білу, жастармен кездесулер өткізу мәселелері талқыланды.
Имамдардан жылдық есеп алу барысында өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы өз ісін жауапты және ойдағыдай атқарған имамдарды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Жиналыста имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдады. Жиналыс соңын қатысушылар Жаратқаннан жылдың да жемісті болуын тілеп, дұғамен аяқтады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу