8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2021 1165 0
Қоғам

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Бүгін, 16  сәуір күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыста  екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелерінің шешімімен 13 мамырда партияның облыстық филиалының XXVII есеп-беру сайлау партиялық конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.
Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Бұл – «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясын шақыру» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларын, қоғамдық кеңестердің құрамдарын бекіту туралы болды.

Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген болатын. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Бұдан басқа, Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

Ал «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасы Ғ.Есқалиевтің мәліметінше, облыстық деңгейде барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылған. Олардың құрамына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар кірді, этникалық құрам мен қызмет саласы ескерілді.

Бюро отырысын тәмамдай келе, партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңестердің, саяси кеңестер бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) және төрағаларының, төраға орынбасарларының, бастауыш партия ұйымдары бюроларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» Партиясы Жарғысына сәйкес облыстық және аудандық партия филиалдарының есеп беру, сайлау конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

– Қазіргі уақытта облыс орталығы, аудандарда сайлаушылар мен билік органдары, «Nur Otan» партиясы   мүшелрімен көпір орнату мақсатында облыстық 12 кеңес құрылды. Ол кеңестің  мүшелері – «Nur Otan» партиясының, облыстық мәслихаттардың  депутаттары ғана емес, өзге партиялардың мүшелері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері. Яғни әр саланың мамандары біріктірілді. Бұл – халық пен билікті байланыстыратын диалогтық алаң. Ол жерде қоғамдағы ең өткір мәселелер, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қозғалып,  ауыл, аудан, облыстағы  мәселелер бойынша жедел түрде билікке жеткізу жүзеге асырылады, деп атап өтті «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
99 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
156 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
394 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
876 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1254 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1152 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1613 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2229 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2401 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2452 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2457 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2067 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2936 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2990 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2984 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3597 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3565 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3556 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3532 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3692 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»