ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МАҚСАТ
Бүгін, 16 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыста екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелерінің шешімімен 13 мамырда партияның облыстық филиалының XXVII есеп-беру сайлау партиялық конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.
Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Бұл – «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясын шақыру» және «Партия сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партияның облыстық филиалы төрағаларын, қоғамдық кеңестердің құрамдарын бекіту туралы болды.
Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген болатын. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Бұдан басқа, Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.
Ал «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасы Ғ.Есқалиевтің мәліметінше, облыстық деңгейде барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылған. Олардың құрамына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар кірді, этникалық құрам мен қызмет саласы ескерілді.
Бюро отырысын тәмамдай келе, партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңестердің, саяси кеңестер бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) және төрағаларының, төраға орынбасарларының, бастауыш партия ұйымдары бюроларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» Партиясы Жарғысына сәйкес облыстық және аудандық партия филиалдарының есеп беру, сайлау конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізу жөнінде шешім қабылданды.
Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдары бекітілді.
– Қазіргі уақытта облыс орталығы, аудандарда сайлаушылар мен билік органдары, «Nur Otan» партиясы мүшелрімен көпір орнату мақсатында облыстық 12 кеңес құрылды. Ол кеңестің мүшелері – «Nur Otan» партиясының, облыстық мәслихаттардың депутаттары ғана емес, өзге партиялардың мүшелері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері. Яғни әр саланың мамандары біріктірілді. Бұл – халық пен билікті байланыстыратын диалогтық алаң. Ол жерде қоғамдағы ең өткір мәселелер, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қозғалып, ауыл, аудан, облыстағы мәселелер бойынша жедел түрде билікке жеткізу жүзеге асырылады, деп атап өтті «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу