ХАЛЫҚ ӘНДЕРІМЕН СУСЫНДАДЫ
Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қара өлең – халық қазынасы» атты концерттік бағдарлама өтті. Тағылымды кеште аға буын өкілдері жас ұрпақты жанды дауыстағы сазды әуендерімен ұйытты.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы концерттік бағдарламада халық әндерін дәріптеуші ата-әжелерден құралған шығармашылық ұжымдар көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әдемі кеште республикалық байқаулардың лауреаты, халықтық «Ағалар әуені» вокалды тобы, халықтық «Әже сәлемі», «Асыл ана», көпұлтты, көпбалалы халықтық «Аруаналар» вокалды топтары «Кестелі орамал», «Қариялар», «Гүл-гүл жайна!», «Аруана», «Ахау, бикем», «Көзімнің қарасы», «Хәләулім-ай» сынды әндерді орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. Айта кету керек, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде «жасотандықтар» Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінің үй жұмыстарына да қолқабыс көрсетіп, спорттық және мәдени шараларды жиі ұйымдастырып келеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу