ХАЛЫҚ ДЕРКӨЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН ӨЗГЕРТУДІ ҚОЛДАДЫ
23 қаңтар күні Деркөл мәдениет үйінде шағынаудан тұрғындарының қатысуымен елдімекен мәртебесін өзгерту мәселесіне қатысты жиын өтті. Қатысқан 279 адамның 273-і қолдап, алтауы қарсылық танытты.

2013 жылы Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық үйлестіру заңнамасына сәйкестендіріліп, Деркөл тұрғындарының ұсыныс-тілегімен бұл елдімекенге «шағынаудан» мәртебесі берілген еді. Алайда, осы уақыт ішінде тұрғындар тарапына Деркөлдің мәртебесін ауыстыру, елдімекеннің өз әкімдігін ашу туралы ұсыныстар аз болған жоқ. Бұл ҚР Президентінің «Есту мемлекеті» тұжырымдамасына сай өткен аптада, 17 қаңтар күнгі қала әкімінің тұрғындарымен кездесуінде де қозғалды.
Осы орайда қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қала әкімдігі аппаратының басшысы Исатай Жазықбаев және Орал қаласы экономика бөлімі басшысының орынбасары Рауан Қуанов Деркөл тұрғындарына жаңа мәртебені алған кездегі өзгерістер мен артықшылықтарды түсіндірді.
Елдімекен «Деркөл кенті» болып құрылса, ауылдағы қаржы талап ететін әлеуметтік мәселелердің шешімі үшін қалалық бюджетке қарап, күтіп отырмай, мүмкіндігінше өздері жасауға мүмкіндік алады. Яғни, жеке және заңды тұлғалардан түскен мүлік, жер және көлік салықтары, кент кәсіпкерлерінен жиналған жеке табыс салығының түсімдері өз кірістерінде қалдырылып, жергілікті қоғамдастық шешімімен кенттің қажеттіліктеріне бағытталатын болады. Мәртебе ауыстырылғанымен, тұрғындардың қалалық тіркелім (прописка), аумақтың қалаға тиісті болуы сақталады.
Мәртебені кентке өзгертудің тағы бір артықшылығы тұрғындар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын несие алып, бизнес жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта – шағын несие көлемі – 16 млн. теңге әрі 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі және алты айлық демалысы бар.
Қатысушылар өз пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жиынға қатысушы тұрғындардың басым бөлігі қолдап, Деркөлдің мәртебесін ауыстыру туралы ұсынысты қабылдады.
Айта кетейік, бұған дейін Ветелки ауылында өткен жиынға қатысқан 120 тұрғын және «Сарыарқа» шағынауданында өткен жиынға қатысқан 210 тұрғын елдімекн мәртебесін «кентке» ауыстыру туралы ұсынысты толықтай қолдады.
Енді бұл мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу