8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2023 2348 0
Мәдениет

Хадиша театрында «Гауһартас»

Бүгін, 14 сәуір күні оралдықтар Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Гауһартас» қойылымын тамашалады. Спектакльдің қоюшы режиссері – жерлесіміз Асхат Маемиров.

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры гастрольдік сапармен 13-18 сәуір күндері Оралға келді. Кеше, 13 сәуір күні «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы шымылдығын түрді. Одан бөлек, 18 сәуірге дейін театр төрінде «Күн астындағы Күнекей қыз», «Махаббат бар ма?», «Chanel №5», «Ғашық-жүрек», «Шәмші» қойылымдары қойылады.

 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» екенін, отбасы, тәрбие, махаббат секілді үлкен тәрбиелік мәні бар идеяны ұсынған бүгінгі «Гауһартас» қойылымын көрген көрермен әртістерге шоқ-шоқ гүлдерін сыйлап, ду қол шапалақ пен құрметке бөледі.

 

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»