Хадиша театры жүлделі оралды
Атырау қаласында 13-18 қараша күндері өткен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған I республикалық театрлар фестиваліне Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры А.Бақтыгереева, М.Омарованың «Жұбан» поэтикалық драмасымен қатысты.
Ұлттық рух пен тарихды дәріптейтін поэтикалық драма төрт бірдей жүлдеге лайық деп танылды.
Жүлделі І орынмен қатар, Жұбанның анасы Зеріп рөлі үшін «Парасат» орденінің иегері, актриса Нұрлыгүл Жұбатова «Үздік әйел адам бейнесі» жүлдесін жеңіп алды. Қойылымның режиссері Гаухар Адай «Үздік режиссер» атанса, бала Жұбан рөлі үшін театр актері Рауан Таймас «Екінші пландағы ер адам бейнесі» жүлдесін иеленді.
Өңіріміздің мәдени ошағы, дарындылардың ортасы Хадиша театрын шын жүректен құттықтаймыз!
Версия для печати