8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2021 3019 0
Қоғам

ГЕНЕРАЛДЫҢ АНАСЫ (қаз-қалпында)

Бүгін, Батыс Қазақстан облысынан шыққан санаулы әскери қайраткердің бірі, Генерал-майор ЕЛАМАНОВ УӘЛИ БИСАҚАНҰЛЫның туған күні. 1992 жылдан Қазақстанның әскери бөлімшелерінде десанттық шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, командирі, дивизия, армиялық корпус командирі лауазымдық қызметтерін абыроймен атқарған, ҚР Қарулы Күштері Жалпы мақсаттағы күштер Бас штабының бастығы болған, Түркістан, Германия, Мозамбик, Беларусь әскери округтерінде айшықты із қалдырған аты елге мәшhүр азамат Уәли Бисақанұлына өмірдің жарығын, Күннің жылуын сыйлаған асыл анасы жайлы «ГЕНЕРАЛДЫҢ АНАСЫ» деген мақала жазып едім 2003 жылы «Орал өңіріне». Таяуда Сарытаудағы қалалық бейіттен Қазиза әженің қорымын кездестірдім. Мәңгіліктің мекеніне айналған бұл бейітте кім жоқ дейсіз?! Қимас жандарымның дені осында ғой… Жарықтық, дәл баяғыдай мейірімді жүзімен қарап тұрғандай болды тасқа қашалған тілсіз суретінен! Сол сәтте «Генералдың анасы» деген мақалам есіме түсті. 

Атам Әділгерей Шүйіншәлиевтің тамыры тереңнен тартылған туысқаны, нағашы апасы, Кердері руының жабағысы еді осы Қазиза әжей. Шағаладай ақ жаулығы желбіреп үйімізге жиі келетін. Өте бауырмал, көпшіл, ақылгөй жан-тұғын. Ақ Жайығына Уәли аға келгенде барша ағайынның басын қосып, той жасайтын. «Мен генеральдың ғана емес, барша балаларымның анасымын» дейтін қарақаттай көздері күлімдеп. Бүгін, өлкемізден шыққан танымал тұлға, Елбасының қабылдауында талай мәрте болып, сый-сыяпатқа бөленген азамат, менің қайынағам деп мақтанып қояйын Уәли Бисақанұлының құрметіне орай, ғазиз ана – Қазиза Құдайбергенқызы туралы мақаламды ел есіне қайта жаңғыртып отырмын. «Генералдың анасы» атанған Қазиза әженің ғибратты ғұмырын, жалғыз қызы Баян мен бала-келіндерінің аялап бағып, еркелеткен өмірін, елден көрген сый-қошеметін оқырман қауымға тілеймін. «Алып анадан туады» дегендей, осындай абзал анадан жаратылған Жайықтың генералына Алла тағала амандық пен бақ-береке беріп, келесі жылы мерейлі 70 жасын қарға тамырлы қазағымен бірге тойлауға жазғай!

Автор

 

 

ГЕНЕРАЛДЫҢ АНАСЫ

(қаз-қалпында)

Есік қоңырауын басқанымыз сол еді, немерелерін алдына салып, құрақ ұшқан әжей бізді бірден төргі бөлмеге қарай бастады. Бөлмеге кіре бере, жазу үстеліндегі үлкен портретке көзіміз түсті. Біздің таңқалысымызды сезген әжей де:

  • Бұл сурет, Елбасының балам Уәлиге генерал майорлық шенін тапсырып тұрған сәті ғой, – деп мән-жайдан хабар етті.

Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясына есімі енген, аға ұрпаққа жақсы таныс әскери қайраткер, генерал майор Уәли Бисақанұлы Еламановтың туған анасы Ғазиза әжеймен жүздесіп, әңгімесін тыңдау көптен ойда жүрген-ді. Осы ілтипатымызды сезген бекзат ұлдың анасы да мәз-мәйрам.

  • Уәлиімнің қолында Алматыда он жылдай тұрдым. Жас ұлғайып, кәрілік кірген соң кенжем Амангелді мен келінім Нұржамалдың қолына келіп отырған жайым бар. Бұл балам да қара жаяу емес, полиция капитаны. Айтпақшы, үлкен ұлым Нығыметолладан туған немерем Ерлан да Отарда жұмыс істейді. Алматыдағы әскери академияны бітірді, капитан.

Құдай көпсінбесін, жанары нұрланып, ажарланған әжеміз жиырмаға жуық немере мен бәйшешектей шөберені, жалғыз қыз-күйеуі Баян мен Мұраттан өрбіген жиендерінің тізімін одан әрі тізе берді, тізе берді… Көңіліне жұлдыздай жарық сыйлап, ғұмырын ұзартқан ұл-қыздарына, әсіресе, Уәлиіне дегенде жаны ала бөтен.

  • Уәлиім басқаларынан ерекше болып өсті. 1-класты Чапай орта мектебінде оқыды. Спортқа өте жақын болды. Ауылдағы ағайын-туманың бәрі «Сенің осы балаң түбі алысқа барады» деуші еді. Айтқандай-ақ, 1970 жылы Жымпиты орта мектебін бітірді де, Рязань жоғары әуе десанты командалық училищесіне оқуға түсті. Өмір баспалдағының бәрі сәтті басталды. 1974-82 жылдар аралығында Әуе десанты әскерлері қатарында қызмет етіп, взвод командирлігінен парашютшы десанттар батальоны командирі лауазымына дейін жоғарылады. Әрбір мейрам сайын Уәлиімнің қызмет атқарып жүрген жерінен алғысқа толы хаттар алатынмын. Әлі де солай, – дейді ет жүрегі елжіреген Ғазиза әжей.

Уәли Еламанов 1982-85 жылдары М.Фрунзе атындағы Мәскеу әскери академиясында оқыды. Содан соң десанттық шабуыл полкі командирінің орынбасары, Мозамбик Республикасының әскери десанттық әскерлерінің даярлау жөніндегі аға-маман кеңесшісі, дивизияның оперативтік бөлімінің бастығы болды. Ал 1992 жылдан бастап Қазақстанның әскери бөлімшелерінде лауазымды қызмет атқарды. Тіпті сонау Германиядағы әскерлер тобында, Түркістан әскери округінде, Мозамбикте, Беларусьта болып, ол жақта да абыроймен еңбек етті. 2001 жылы Мәскеудегі РФ Бас штабы академиясын бітірді. Бұл күндері Қазақстан Қарулы Күштері мобильді күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Уәли Бисақанұлы тек аяулы анасы емес, бүкіл ел мақтана алар сенімді тұлға. «Ұлдарымның азамат болғанын мына мен көрдім ғой, тек елу жасында, жетпіс жетінің ақ боран ақпанында жерге түскен әкелері көре алмай арманда кеткені болмаса» деп жаулығының ұшымен көз жасын сүртіп, немерелерінің басынан сипайды абзал ана.

Қазір бақыттың бесігінде жаны тербелгенімен, жасында талай бейнетті басынан өткерген әжеміз жүрегін тырнаған сол бір сұрапыл кездерді осындайда еске алмай қайтсін?! Бір әңгіменің ұшын қозғаса, көз жастың көл бола қалатыны содан.

Ертелі-кеш өгіз арбамен колхоздың жаутаңкөз сәбилеріне көк сүт тасыған балалық күндер… Алдымен бұлардың отбасынан ағасы Меңдіғали 1941 жылы соғысқа алынса, әкелері Құдайберген Нысанов 1942 жылы жұмысшылар батальонына кетеді. Өзінен басқа анасы Мүгілсімге бас көтеріп, жәрдем етер ешкім жоқ. Анасының аяғына шырмалған бір жастағы сәби және бар. Сұм соғыстың зардабы шиттей бала-шағамен қалған Мүгілсім ананы қажытты ма, 1943 жылы қан қысымы көтеріліп, қайран шеше көз жұмады. Жетімдіктің қасіретін енді көрсін… Әлі есінде, мойнынан тас қып құшақтап, түн болса анасын жоқтап жылайтын бауыры мен інілерін қалай жұбатарын білмей, шарасыздықтан шығар жол іздейтін. Күндер жылжып, айлар өтті. Жеңістің көктемін алып көкесі мен әкесі келіп, бір-біріне сүйенген бұларды жұбатқан-ды.

  • Ағам Меңдіғали жаралы боп келсе де, Алматыдағы оқуына кетті. Одан кейін Мәскеудегі Әскери академияда оқыды. Рязань қаласында үлкен қызмет атқарады. Полковник шеніне дейін көтерілді. Сол Меңдіақам әкеме, бізге үнемі көмектесіп, қарасып тұрады, – деп еске алады туған бауырын Ғазиза Құдайбергенқызы. – Жетпіс жеті жасында көз жұмған Меңдіақамның әйелі Оксанамен, Якутияда тұратын қыздарымен әлі күнге хат-хабар алысып тұрамыз.

Еламановтар әулетінің атпал азаматы болған, ұзақ жылдар бұрынғы Бударин колхозында партком болып қызмет істеген марқұм Еламанов Бисақаңды көзі көре қалған ел-жұрт жақсы біледі. Еңбекке ерте араласып, үлкенді сыйлап, қонақ күтіп өскен ағамыз бен Ғазиза ананың өнегелі үрдісін жапырақтай жайылған, халыққа қалаулы, елге елеулі ұл-қыздары жалғауда. Өмірден көргені көп әжеміз бойындағы бар жақсы қасиетін бүгінде немере-шөберелеріне  үйретуде. Қолы қалт еткенде ине сабақтап, көрпе көктейді. Ұлттық текеметтер сырып, оюлайды. Алдына келген жанның бәріне ақ батасы дайын.

***

Мінекей, тағы бір Жеңіс көктемін жетпіс бес жасымен бірге қарсы алғалы отырған Ғазиза әжей көңілі толқып әңгімесін аяқтай бергенде телефон шыр ете қалды. Орнынан тұрып аз-кем дімкесі бар құлағына телефон тұтқасын тақаған әжеміздің жүзі нұрланып шыға келді…

  • Аләу Уәлижанбысың? Өй, көкем сол, айналып кетейін. («Есейіп кетсем де мен саған сәбимін» деген сол-ау, телефонның әр жағынан да «мама» деген жылы дауыс естілді).
  • Қашан келесің? Әуелі Астанаға барамын деймісің?

Сәлден соң телефон құлақшасын орнына қойған әжеміз: – Уәлижан ғой, әуелі 9 мамыр күні Астанадағы үлкен шеруге қатысамын. Оралға сосын келемін, – дейді деп үйдегілерді бір қуантып тастады. Одан соң Отанымыздың жүрегі Астана қаласын әлсін-әлсін айтып, егемен еліміздің елдігіне сүйенген Ғазиза ана: «Осының бәрі Елбасының арқасы! Халқымыз аман болып, заманымыздың тыныштығы бұзылмағай,» – деді ақтарыла.

Біз де «баталы ел арымас» деп, ізгі жанға ізетімізді білдірдік. «Жүрегім жыр толғайды, көңілім ортаймады, Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, шалтты заманның шаттығын көріп аман-сау жүре бергей, генералдың анасы!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,

8 мамыр 2003 жыл,

   «Орал өңірі»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
99 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
317 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
803 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1101 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1540 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2155 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2322 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2329 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2379 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2382 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2018 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2864 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2917 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2914 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3522 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3493 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3481 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3460 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3621 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»