8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2024 2823 0
Оқиға

Есірткі таратқан

Орал қаласында каннабис тобының есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.


Күдіктілерден 540 г «гашиш» есірткі заты тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен құрып, есірткі сату бойынша басшылық еткен.Ол интернет-дүкен әкімшісі және жалдамалы кепілгерлер арқылы байланыссыз түрде есірткі заттарын сатуды жүзеге асырады.

Жыл басынан бері БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 76 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 31 -і қылмыс және 45 – і қылмыстық әрекет болып табылады.

Ал оның ішінде 13-і өткізу фактісі болса, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтаудың 3 фактісі, есірткі контрабандасының 11 фактісі, ұйымдасқан топты құрудың және оған басшылық етудің 2 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 1 фактісі және есірткі құралдарын заңсыз жарнамалаудың 1 фактісі анықталды.

Заңсыз айналымнан 5 кг 802 г  есірткі және психотроптық зат тәркіленді. Оның ішінде марихуанна – 4 кг 449 г, гашиш  – 575 г,  синтетикалық препараттар – 534 г.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»