Есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Оралда аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі баланың анасы Колбасина Юлия 10 жылға сотталды. Үкім облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта оқылды.
45 жастағы әйел синтетикалық есірткі сақтап, оны заңсыз таратқаны үшін айыпқа тартылды. Ол өткен жылдың желтоқсан айының соңында қолға түссе де, тергеу амалдары осы кезеңге дейін жүргізілді. Бұл видео күдіктінің қолқа түскен сәтінде түсірілген. Ол телеграмм каналы арқылы тапсырыс қабылдап, межелі жерге өз көлігімен жеткізіп отырған.
Күдік тудырған көлікті тоқтатқан полицейлер оның жүксалғышынан 74 кішкентай қалташадан бір келіден аса синтетикалық затты анықтады. Сол сәттен бастап үй қамағында болған әйел бүгін сот залында түрмеге тоғытылды. Ол өз кінәсін толықтай мойнына алды.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев сот үкімінің заңды күшіне енбегенін жеткізді. – Күдікті Колбасина жазасын қауіптілігі орташа мекемеде өтейтін болады. Ол ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімінің 1,3,5 тармағы бойынша кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның кәмелетке толмаған екі баласын асырап-бағу бойынша тиісті құзырлы мекемелер шешім шығаратын болады,- деді облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Асланбек Дүйсенғалиев.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу