8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2019 11384 0
Қалалықтар қаперіне

ЕСІК АШЫЛМАЙ ҚАЛСА…

Есіктердің кілттеніп қалу себептері әртүрлі: адамның салғырттығынан, жел әсерінен немесе құлып ақаулығынан. Кейде пәтерде қалған кішкентай бала құлыпты жауып, кейін өзі аша алмай жатады.

Әрбір кезекшілікте құтқарушыларға кіреберіс есіктің ашылмай қалғаны туралы қоңыраулар жиі келіп түседі. Тұрғындарға үйлеріне кіруге көмектесу үшін құтқарушылар балкон мен терезе арқылы пәтерге тізе сатысының көмегімен кіреді. Есіктерді бұзатын  жағдайлар да болды.

Бұл жағдайда ең бастысы құтқарушылар сабыр сақтауға кеңес береді. Құтқарушылар, әрине, есікті ашуға тырысады, мамандандырылған құрал-саймандармен есікті зақымдамай жүргізу екіталай. Сондықтан құтқарушылар пәтерлерге терезелер, балкондар немесе желкөздер арқылы кіреді. Ол үшін арнайы құрал жабдықтар пайдаланылады, ол төбеге немесе жоғары қабатқа бекітіледі. Егер пәтерде терезе желдеткіші немесе терезелер ашылып тұрса, онда бұл құтқарушылардың жұмысын жеңілдетеді және жылдамдатады. Егер үйде ашық терезе қалмаған болса, құтқарушылар терезе рамасын демонтаждайды (бөлшектейді). Аса қиын және шұғыл жағдайларда шыныны сындыруға тура келеді.

Жуырда«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ 1940 жылы дүниеге келген науқас азаматқа көмек көрсетті. Арнайы құрал-жабдықтармен құтқарушылар есікті ашып, алғашқы көмек көрсетті.

Құтқарушылар кішкентай балалардың ата-аналарын осындай қиындықтардан сақтап қалу үшін есіктерді орнату кезінде ілмекті бірден алып тастаған қажет дейді. Сонымен қатар, балаларды үйде жалғыз қалдырмау керек, себебі ерте ме, кеш пе ересектер тарапынан болатын осындай салғырттық қайғыға әкелуі мүмкін.

Егер есік кілтеніп қалып, үйде адамдардың (қарт адамдардың, науқастардың) немесе баланың өміріне қауіп төнсе, одан басқа қосымша қауіпті факторлар (плитадағы кастрюль, ашық балкон) болса, бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ең бастысы, сабыр сақтаңыздар және кезекшіге жағдайды нақты түсіндіріп айтыңыз.

 

 

 

Б.Хайбуллина, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»