ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУДІҢ ӨТУІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНДЕРДІҢ ҰСТАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі кезінде ұсталған екі белсендіге қатысты түсініктеме берді.
«ҚР-ның «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi» туралы заңының 2 және 3 баптарында акцияны өткізу туралы өтінім жергілікті атқарушы органға шараны өткізу жоспарланған мерзімнен 10 күннен кем емес уақыттан бұрын берілуі керектігі жазылған. Онда мақсаты, ауқымы, шараның өткізілу орны немесе қозғалыс маршруты, басталуы мен аяқталу уақыты көрсетілуі керек. Әрі қатысушылардың саны, қоғамдық тәртіп үшін жауапты тұлғаның аты-жөні, жұмыс орны мен тұратын мекенжайы және өтінім беру уақыты көрсетіледі. Заңның 8-бабында егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылатыны көрсетілген. Жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады. Осылайша, заңға қайшы әрекетті жасауға тосқауыл қойылып, кінәлі тұлға заң бойынша жауапқа тартылады. Есеп беру жиыны кезінде қатысушыларға құрмет көрсетпей, кездесудің өтуіне кедергі келтіріп, ескертуге құлақ аспаған екі азаматты полиция қызметкерлері ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 786-бабына сәйкес Полиция басқармасына жеткізді», – делінген департаменттің баспасаөз хабарламасында.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу