8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Желтоқсан 2023 2917 0
Көңіл айтамыз

Есқалиевтер отбасына көңіл айтамыз


Бүгін, Мемлекет және қоғам қайраткері, республикаға танымал азамат Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлы дүниеден озды.

Осы орайда, барша Ақ Жайық жұртшылығы, өлкедегі зиялы қауым мен БАҚ атынан Есқалиевтер отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

Сонау тоқсаныншы жылдары Орал қалалық апталық қоғамдық-саяси «Жайық үні» газетінің ашылуына атсалысқан ұлт жанашыры, танымал тұлға, белсенді қоғам қайраткерінің есімі ел жадында ұзақ сақталары анық. Елге сыйлы Абыз ағамызды Алла тағала алдынан жарылқағай!

Нәжімеден Есқалиев 1966 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1966-1972 жылдары Жәнібек ауданындағы «Талов» кеңшарында агроном, 1972-74 жылдар Жәнібек ауданы ауыл шаруашылық Басқармасының бастығы, 1974-1978 жылдары Орал облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының 1-орынбасары Қызметтерін атқарды. Н.Есқалиев 1978-1980 жылдары Мәскеудегі Халық шаруашылық академиясының тындаушысы болды. 1980-1985 жылдары Талдықорған облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, кейін Талдықорган аудан партия комитеті төрағасының 1-хатшысы, 1985-1986 жылдары Орал облысы атқару комитетінің 1-орынбасары, 1986-1991 жылдары Орал облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1991-1992жылдары Орал облысының кеңесінің төрағасы, 1992-1993 жылдары Орал облысыныңәкімі,1993-1994 жылдары Көкшетау облысының әкімі қызметтерін атқарды. 1994-1999 жылдары дипломаттық қызметте болды (Қазақстанның Өзбекстандағы және Украинадағы елшісі). 1999 жылдан ТМД елдері атқару комитетіндегі Қазақстанның уәкілі қызметін атқарды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»