Ғ.ЕСҚАЛИЕВ: «ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРМАЙ, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЗАЙТУ МҮМКІН ЕМЕС»
Бүгін, 20 ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

– БҚО-да жол инфрақұрылымына қомақты қаражат бағытталып, жолдар жөнделуде. Орал қаласында, аудандарды бейнебақылау, жылдамдықты өлшеу құралдары орнатылуда. Алайда, жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырмай, жол-көлік оқиғаларын азайту мүмкін емес. Әр жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің жауапкершілігі артында адам өмірі мен тағдыры тұрғанын түсінуіміз керек, – деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ жолда малдардың қатысуымен болатын апатты жағдайлар да жиі тіркеліп отыр. Осы ретте бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, өткен жылы облыс аудандарында қараусыз жүрген малдарды қамауға арналған қоршаулар дайындалып, 1500-нан астам мал иелеріне ескерту беріліп, 125 адамға айыппұл салынды. Нәтижесінде қараусыз жүрген малдардың қатысуымен болған жол апаттарында жарақат алғандар саны 60 пайызға төмендеді.

Бүгінде Орал қаласында 200 бейнекамера, 40 жылдамдықты өлшеу құралдары және 14 жол қиылысына зияткерлік басқару жүйесін орнату басталды. Жол жиегіндегі жарық шамдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша 21 мыңға жуық жарық шамдары орнатылса, соның ішінде 11 мыңнан астамы Орал қаласына тиесілі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу