ЕРЛІК ШАМҒАЛИ, «Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалы төрағасының орынбасары: «КАРАНТИН РЕЖІМІ БІРДЕН ТОҚТАСА, ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЕШ КЕТЕДІ»

– Қасым-Жомарт Кемелұлының төтенше жағдай режиміне байланысты мәлімдемесін отбасымызбен асыға күткеніміз жасырын емес. Төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік басқару жүйесінде дер кезіндегі қабылданған жұмыстар мен шешімдер, өзге елмен салыстырғанда дерттің таралуының алдын алып, бүгінгі карантин режімін кезеңмен тоқтату үрдісі Мемлекет басшысының елге деген жанашырлығының нақ көрінісі деп білемін. Сондықтан біз, жастар карантин режімінің дәл осындай жүйеде, кезең-кезеңмен жеңілдетілуін құптаймыз. Өйткені қазіргі жағдайда карантин режимі бірден тоқтатылса, осы кезге дейін жасалған жұмыстардың еш кетуі мүмкін еді. «Нұр Отан» партиясының «Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалы карантин аяқталса да, халық қайтадан қалыпты өмірге оралғанша, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, мәселен, егде жастағы қариялардың дәрі-дәрмегін, азық-түлігін жеткізуге дайын екенімізді жеткіземіз. Қазіргі таңда еріктілер Мақтааралға көмек көрсету бойынша жұмыстанып жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы онлайн жүйе, электронды кезек мәселесін қала тұрғындарына кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Осы жұмыстарымыз арқылы халықтың көп шоғырланбауына, дерттің алдын алуға ықпал етудеміз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу