8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2018 3061 0
Жалын

ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ АҚ ЖАЙЫҚТА!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ–дың студент жастарынан арнайы жасақталған топ «Менің Елім» атты тарихи-өлкетанымдық жобасы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне келді.

Жобаның мақсаты – университеттегі білім алушылар арасында еліміздің көрікті жерлері мен тарихи мұрасын дәріптей отырып, патриоттық тәрбие беруді  нығайту; білім алушыларды отансүйгіштікке, өлкетануға, тарихи мұраны дәріптеуге баулу; студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту; студент жастар арасындағы белсенділікті арттыру құрылғысын жасақтау; университеттің ел және елорда дамуына қосар үлесін арттыру және т.б.

Университет ұжымы құрметпен қарсы алған салтанатты жиында сөз алған университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, студент жастарға университет ұжымының атынан тілегін жолдады: «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауының басты жаңалығының бірі де – келер жылдың «Жастар жылы» боп жарияланатындығы. Елбасы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламаларында жастардың мәселесін  назардан тыс қалдырған емес. Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастар болса, ол әрине, сіздерсіздер. Ел білімді ұрпағымен мәңгілік жасайды. «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу» деп Елбасы айтып өткендей, сіздер де Ұлы даланың патриоты боп, алған білімдеріңді ел игілігіне жұмсап, өздерің білім алған оқу орнының, Қазақ елінің мерейін асқақтатып, биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін».\

Елордалық студент жастар  «Рухани жаңғыру» облыстық мұражайы мен  тарихи-өлкетану мұражайымен танысып, Махамбет университетінде болды.  Ақ Жайық өңіріндегі білімнің қара шаңырағы Махамбет университетіне  елін, жерін  сүйетін, елжанды, отаншыл, ұлтжанды жастардың келіп, Ақ Жайық өңірінің терең тарихымен, өлке мұраларымен танысып,  өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, ой бөлісіп, тәжірибе алмасуы ел жастарына үлгі боларлық  бастама деп білеміз.                                                                                                                         

                                                          Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
33 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
54 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
63 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
145 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
153 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
235 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
494 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
685 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
816 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
826 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
901 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1304 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1320 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1398 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1486 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1692 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1691 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»