8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2018 1835 0
Қоғам

ЕЛ ТАҒДЫРЫН ЕСІЛМЕН ТОҒЫСТЫРҒАН… жаңа фильм

Бүгін, Ел Тəуелсіздігінің 27 жылдық мерекесінде оралдықтар тағы бір тарихи туындыны көріп, бойға күш-қуат жинап, қыран құстай қайтадан қанаттанды. Ол –  Ақан Сатаевтың жақында ғана жарыққа шыққан тың туындысы «Елбасы жолы. Астана» киносы болатын. Əлем жұртшылығын тамсандырған айбынды Астананың, еңселі Елорданың бұдан 20 жыл бұрын қалай қалыптасқаны, елінің ертеңін ойлап, құс ұйқылы күй кешкен ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлының табандылығы, қайсарлық пен жігерлілігі, алған бетінен қайтпайтын батырлығы арқау болған бұл фильм көрерменді ойландырмай, толғандырмай, сүйсіндірмей қоймады. Елім деп еміренген үлкен-кішіге, жастарға, өскелең ұрпаққа ұшқыр ой салған тамаша туындыны ардагерлермен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, зиялы қауыммен бірге облыс əкімі Алтай Көлгінов те көріп шықты.

«Елбасы жолы. Астана» фильміндегі Кемеңгер Көшбасшымыз, Ұлт мақтанышы Нұрсұлтан Əбішұлының рөлін театр тарланы, танымал актер Мұрат Ахманов айнытпай, шынайы сомдаған екен. Ақ Жайықтағы облыстық қазақ драма театрына да табиғи талантымен өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мұрат Ахмановқа, Сара Алпысқызының рөлін сомдаған жерлесіміз, сұлу актрисамыз Гүлнəр Жақыповаға жəне аяулы Əбіш Кекілбаевтың бейнесін толқын қара шашымен көз алдымызға əкелген Боранбай Молдабаевқа зал толы көрермен тəнті болды. Осы үш актер де бүгінде Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының дамуына, мəдениетінің гүлденуіне зор үлес қосқан болатын.

Жалпы, Ақан Сатаевтың шеберлігі, ізденісі айқын көрніс тапқан «Елбасы жолы. Астана» атты жаңа көркем туындысы бүгінде əлемге əйгілі, көп ұлтты Қазақстанды ғана емес, төрткүл дүниені тамсандырған көрікті, келбетті Астананың Отанымыздың жүрегі – Елордаға айналуында кездескен қиындықтарды, нарықтың өтпелі тұстарын, өсу жолдарын, зəулім құрлыстардың қалай бой көтергенін баяндайды. Көшбасшымыздың сарабдал саясатына, бақытқа бастайтын жолына көлденеңнен тұра қалатын кертақыс жандар кездеседі. Алайда, олардың қараниет пейілдері Астананың өркендеуіне, экономикасы мен мәдениетінің  қарыштап дами беруіне еш кедергі бола алмайды.
«Қайткен күнде де менің тағдырым, елімнің тағдыры Есілдің жағасымен үндеседі, жайнай түседі деп кереуетте қалың ой құшағында қалғып кеткен Елбасымыздың түсіне аяулы анасы еніп, «Балам, көздеген мақсатыңнан тайма, жолыңнан қалма, бастаған ісіңді тастама» деп аян береді. Сүт кенжесі келіп «əкешім» деп оятқанда ғана Елбасы көзін ашып, қайтадан атқа қонады. Сөйтіп, діттеген мақсатына жеткен Кемеңгер Көшбасшымыз асқақ армандарға барша қазақстандықтарды жеткізеді. 20 жылдың аясында алып қалаға айналған Астанамыз дәл қазір жасампаздық пен бейбітшіліктің ақ көгершіндерін ашық аспан көгіне ұшырып, Көк Туы шарықтай түсуде.

Осы бір тарихи əрі мағынасы терең фильмді алғаш рет Тəуелсіздік күні «Сinema Park» залында көрген оралдықтардың қуанышында шек болмады. Көрермен қауым «Елбасы жолы. Астанадай» шынайы туындылардың өнер тарландарының жүрегінен туа беруін, ел арасына тарала беруін ақ ниеттерімен тіледі.

Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА,
Орал қаласы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
322 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
333 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
463 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
758 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
856 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1097 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1362 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1592 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1626 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1780 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1974 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2198 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2286 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»