8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2024 3841 0
Бәрекелді!

ЕЛДОС ЕРЛЕДІ!

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж олимпиадасының чемпионы атанды.


Шешуші кезеңде дюздошы татами иесі, франциялық Лука Мхеидземен күресіп,
қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін отандасымыз 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанған еді. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеді.

Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған.

Осы жылдар аралығында Елдос Сметов 2010 жылы Мороккода өткен жастар арасындағы жарыстан чемпион атанды, 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жастар арасында өткізілген жарыста қола медаль, 2011 жылы Қытайда әлемдік қола гран-при жүлдесін алды. 2011 жылы Өзбекстанда өткізілген жарыста әлем кубогының жүлдегері атанды,2013 жылы Польшада өткізілген Еуропа кубыгын, 2013 жылы Грузияда Еуропа кубыгының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, 2013 жылғы Турциядағы күміс жүлдегері, 2013 жылы Таиландта өткізілген Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы Алматыда өткізілген әлемдік гран-придың бас жүлдегері атанды. «TAK Astana Club» құрамында болып, 2013 жылы Астанада болған халықаралық жарыста 1-орынды иеленді. 2013 жылы болған Бразилиядағы әлемдік чемпионатта белсенді қатысқан. Париж 2024 олимпиада ойындарында мықты қарсыластарын артқа тастап, алтыннан алқа тақты.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»