ЕЛДІ АЛДАҒАН АЛАЯҚТАР
Орал қаласында бірнеше азаматты алдап, ақшалары мен бағалы бұйымдарын алып кеткен сығандар ұсталды.

19.07.2019 ж. Орал қаласы аумағында бірнеше азаматты алдап, алаяқтыққа жол берген белгісіз тұлғалар туралы мәліметтер тіркеліп, күдікті іздестірілуге берілді. 20.07.2019 ж. күдіктіні басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жалдамалы пәтерден ұстап, бір ер адам мен екі әйел адамды басқармаға жеткізді. Сөйтіп, алаяқтық фактісі ашылды.
Олар үй-үйді аралап, айлаларын асыру үшін егде жастағы, жалғызбасты адамдарды таңдаған. Осылайша, көз тигенді шешу, бал ашу қызметтерін ұсыну жолымен олардың бағалы бұйымдарын қолды қылған.
«Зачаганск» ауданында орын алған кезекті алаяқтық әрекеттері барысында олар 1978 жылғы азаматшаның бірнеше алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алып, 1 миллион 255 мың теңге шығын келтірген.
Тараз қаласының үш тұрғыны құрықталып, тергеу амалдары басталды. Сыған нәсілді азаматшаның біреуі дәл осындай қылмыстық әрекеттерге бұған дейін де жол беріп, заң алдында жауапталғаны белгілі болды. Күдіктілердің қолындағы айғақ заттар тәркіленді, алтын бұйымдар өз иесіне жуықта кері қайтарылады.
Бүгінгі күні алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу