8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2019 1764 0
Өзек

ЕЛДІ АЛДАҒАН АЛАЯҚТАР

Орал қаласында бірнеше азаматты алдап, ақшалары мен бағалы бұйымдарын алып кеткен сығандар ұсталды.

19.07.2019 ж. Орал қаласы аумағында бірнеше азаматты алдап, алаяқтыққа жол берген белгісіз тұлғалар туралы мәліметтер  тіркеліп, күдікті іздестірілуге берілді. 20.07.2019 ж. күдіктіні  басқарманың  криминалдық полиция бөлімінің  жедел уәкілдері жалдамалы пәтерден ұстап, бір ер адам мен екі әйел адамды басқармаға жеткізді. Сөйтіп, алаяқтық фактісі ашылды.

Олар үй-үйді аралап, айлаларын асыру үшін егде жастағы, жалғызбасты адамдарды таңдаған. Осылайша, көз тигенді шешу, бал ашу қызметтерін ұсыну жолымен олардың бағалы бұйымдарын қолды қылған.

«Зачаганск» ауданында орын алған  кезекті алаяқтық әрекеттері барысында олар 1978 жылғы азаматшаның бірнеше алтын бұйымдарын алаяқтық жолмен алып, 1 миллион 255 мың теңге шығын келтірген.

Тараз қаласының үш тұрғыны құрықталып, тергеу амалдары басталды. Сыған нәсілді азаматшаның біреуі дәл осындай қылмыстық әрекеттерге бұған дейін де жол беріп, заң алдында жауапталғаны белгілі болды. Күдіктілердің қолындағы айғақ заттар тәркіленді, алтын бұйымдар өз иесіне  жуықта кері қайтарылады.

Бүгінгі күні алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»