«ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ХАЛЫҚҚА КҮШ-ЖІГЕР БЕРДІ»
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Елбасы мақалада тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғанын айтып, осы жағдайда халықты қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмауға шақырған болатын. Елбасының мақаласына орай , БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина пікір білдірді.

– Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны да күннен-күнге артуда. Қазіргі таңда барша халықтың, оның ішінде аналардың ойында «Бұл індеттен қашан құтыламыз?» деген тек бір сұрақ. Еліміздің Тұңғыш президенті Н.ӘНазарбаевтың осы індетке байланысты «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы, пандемиямен оның салдарына тиісті жауап беру мақсатында күш біріктіріп, сол індетке бірге қарсы тұрып, сақтануға халыққа күш жігер беретін, уақытында жарияланған үндеу.
Коронавируспен күрес жағдайында аурудың әрі қарай таралмауына күш салып, жұмылуымыз керек. Әр азаматты төтенше жағдай кезінде карантин талаптарын орындауда төзімділікке, бірлікке шақырамын.
Президентіміз Қ.К.Тоқаев биылғы жыл «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Өңірімізде ерікті түрде жақсылық жасауға өзгеге қол ұшын созуға дайын жандар жетерлік. Қазіргі төтенше жағдайда осы азаматтардың белсенділігін анық байқап отырмыз. «Біз біргеміз» деп қайырымдылыққа ұмтылған жандардың істеріне сәттілік тілеп, аналар болып қолдайық!
«Мәңгілік ел» болуымыз үшін әрбір жеке тұлға өздерін күтіп, індетке мойынсұнбай, бірігіп күресіп, бірге шығуымыз керек деген ойдамын.
Үйде отырайық, сақтанайық. Қашықтан қарым-қатынас жасап, білімімізді көтеруге, жасалмаған істерімізді аяқтауға, үй шаруасын күйттеп, пайдалы іс атқаруға, ғылыммен айналысуға мүмкіндік барын ұмытпайық. Бос отырмай, өзімізге, отбасымызға, қоғамға пайда келтірейік дегім келеді. Елімізде амандық,тыныштық, келісім, бірлік болсын, – деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Хайроллақызы.
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу