“Ел қорғаны” медалін табыстады
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі арнайы мақсаттағы бөлімшелер жарыстарына алғаш рет қатысқан Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерін құттықтады.

Ол мұндай жарыс әскерилердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
– Арнайы операциялар күштерінің «Жаубасар» командасы алғаш рет элиталық бөлімшелердің жарыстарына қатысты. Жарыс бағдарламасы арнайы полиция күштеріне арналған. Дегенмен, жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алда Иорданиядағы әскери арнайы мақсаттағы бөлімшелердің және Ұлыбританиядағы «Кембрий патрулі» жарыстары өтеді. Олардың нәтижелерінен сендердің кәсіби даярлықтарыңды көре аламыз, – деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.
Халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мерзімінен бұрын әскери атағын алды. Сонымен қатар, бірқатар офицерлерге Қорғаныс министрі «Ел қорғаны» медалін, Арнайы операциялар күштерінің белгісін және алғыс хаттарды табыс етті.
Естеріңізге сала кетсек, Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2025 жарысы әлемнің 80-нен астам елінен 106 команданың басын қосты. Сайысқа еліміздің күш құрылымдарының 12 командасы қатысты.
Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру