8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2023 3195 0
Бәрекелді!

«Елім дейтін ер болмаса…»


Бүгін, қарашаның 23-і күні «Атамекен» өнер ордасында алғаш рет «Ел үмітін ер ақтар» атты ер азаматтар форумы болды.

Форумды ақын Әділет Орынбасаров жүргізді. Шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Ораз Нұрділдә, ақын, Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі,«Ақжайық» телеарнасының редакторы Мұнайдар Балмолда, облыстық дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев, «Назар аудар» театрының актеры Азамат Аленов,«АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Балаларға базарлық» қазақша аниматорлар орталығының құрылтайшысы Ерлік Шамғали, қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшісі Бақытжан Сабыралиев сөз сөйледі.

Қонақтар өздерінің еңбек жолдары, көрген қиындық пен жетістіктері, ана тілі, қыздар тәрбиесі туралы ойларын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»