Ел болашағына жол сілтейді
Дулат Жүсіпқалиев,
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы:
«2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады
Жолдаудың бастамасы экономикалық-қаржылық даму, банк жүйесінің заңын, салық заңнамаларына өзгерістер енгізіп, шағын және орта бизнесті қолдау, дамыту болса, келесі кезекте энергетика мәселесін көтерді. АЭС салу салу бойынша да жалпыхалықтық референдум күнін анықтады. Бұл шешім еліміздің дамуында алатын орны ерекше екені сөзсіз.
Келесі өзекті бағыт сапалы кадрлар тапшылығы, оларды даярлау. Келесі 2025 жылды “Жұмысша мамандықтар жылы” деп белгілеуі, елімізде жетіспейтін жұмысшы мамандықтарды игеруде, сол арқылы экономиканың ауылшаруашылығы, өндіріс саласын дамытуда септігін тигізеді.
Сапалы білім беру, медициналық қызмет көрсету, кадрларға сәйкес талап қою даму механизімінің өзекті тетіктері екенінде айқындады. Сондай-ақ қазір әр азаматтың көкейіндегі жол қауіпсіздігі, жүргізушінің жауапкершілі және әскери сарбаздың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікті қатаң бекітіп тұрып айтқаны, көпшіліктің көкейіндегі сауалға айқын шешім мен жауап бергендей болды.
Сөзсіз жолдаудағы нақты іс-шаралар толықтай жүзеге асқанда, еліміз экономикалық, әлеуметтік тұрғыда алға тағы бір қадам жасайды, оның айқын жолын мемлекет басшысы көрсетіп берсе, барша халық болып оны жүзеге асыруға асығайық.
Гүлзия Ахметова, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының “Мониторинг және ақпараттық талдау” бөлімінің басшысы:
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық
даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды.
Елімізде әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген. Соңғы 5 жылда өткізілген халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін көптеген шара оған куә.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше әділетті Қазақстанды бірге құрып, Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, еліміздің әл-ауқатын жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет.
Версия для печати