Екі қап еліктің еті тәркіленді
Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қарашаның 2-сі кешкі сағат 20:20 кезінде БҚО Бөрлі ауданы қарасты Утвинка ауылынан 500 метр қашықтықта «TOYOTA HILUX» маркілі автокөлігін тоқтатады.
Тексеру барысында автокөліктің салонынан бөлшектелген екі қап еліктің еті, тегіс ұңғылы қосауыз мылтық және оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Қосымша тексеру барысында аталған ауылдың батыс бағытында жануардың екі басы, екі тері және жеті аяғы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұсталған 2000 жылы туған, 1983 жылы туған, 1986 жылы туған, 1977 жылы туған азаматтар бұл әрекеттерін аң аулауға шыққандарымен түсіндірді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Версия для печати