8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 1531 0
Өзек

«Е-ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ» 2660 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысы  тергеп-тексеруді пилоттық режимде электрондық форматта іске асыруды бастаған алғашқы облыстардың бірі. Ағымдағы жылдың алты айында «Е-қылмыстық іске» 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 40%-ын құрап отыр. «Е-қылмыстық іс» модулін пайдаланудың тиімділігі туралы Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысынада қозғалды.  

Қылмыстық саланы құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімін шығаруға дейін цифрландыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қойылған міндеттердің бірі және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Биыл облыста «Е-қылмыстық іс» модуліне  2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 40%-ын құрады.  Сотқа 369 іс жолданды. Бұл республикадағы, оның ішінде ірі облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Қылмыстық процеске қатысушылар, соның ішінде күдіктілер, айыпталушылар, жәбірленушілер, қорғаушылар, олардың өкілдері «жария секторы» (pravstat.prokuror.gov.kz) интернет-порталы арқылы шағым мен өтінішхаттарды қашықтықтан бере алады, қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.

Тінту, алу, жеке тінту және басқа да тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды сот электрондық форматта қарайды.

Басқосуда облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев  электрондық форматта қылмыстық істердің спектрін кеңейту, теріс қылықтар мен ауыр емес қылмыстардан ауыр санаттағы қылмыстарды тергеуге көшу қажеттігін атап өтті.  Сондай-ақ, облыстың бірқатар аудандарында байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Жоғары жылдамдықты интернетпен Орал қаласы мен Теректі ауданының полиция бөлімдері қамтамасыз етілді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры тергеу органдарына қылмыстық процесті кезең-кезеңімен цифрландыру жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша нақты міндеттер мен шараларды анықтады.

 

Бауыржан Ахметжан, Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»