«Е-ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ» 2660 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ
Батыс Қазақстан облысы тергеп-тексеруді пилоттық режимде электрондық форматта іске асыруды бастаған алғашқы облыстардың бірі. Ағымдағы жылдың алты айында «Е-қылмыстық іске» 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 40%-ын құрап отыр. «Е-қылмыстық іс» модулін пайдаланудың тиімділігі туралы Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысынада қозғалды.

Қылмыстық саланы құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімін шығаруға дейін цифрландыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қойылған міндеттердің бірі және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Биыл облыста «Е-қылмыстық іс» модуліне 2660 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 40%-ын құрады. Сотқа 369 іс жолданды. Бұл республикадағы, оның ішінде ірі облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Қылмыстық процеске қатысушылар, соның ішінде күдіктілер, айыпталушылар, жәбірленушілер, қорғаушылар, олардың өкілдері «жария секторы» (pravstat.prokuror.gov.kz) интернет-порталы арқылы шағым мен өтінішхаттарды қашықтықтан бере алады, қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.
Тінту, алу, жеке тінту және басқа да тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды сот электрондық форматта қарайды.
Басқосуда облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев электрондық форматта қылмыстық істердің спектрін кеңейту, теріс қылықтар мен ауыр емес қылмыстардан ауыр санаттағы қылмыстарды тергеуге көшу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, облыстың бірқатар аудандарында байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Жоғары жылдамдықты интернетпен Орал қаласы мен Теректі ауданының полиция бөлімдері қамтамасыз етілді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры тергеу органдарына қылмыстық процесті кезең-кезеңімен цифрландыру жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша нақты міндеттер мен шараларды анықтады.
Бауыржан Ахметжан, Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу