«ЕҢБЕК КУБОГЫ-2025» ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы орайда Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жұмысшы жастарға арналған шаралар легін ұйымдастыруда.

Соның бірі 22 қаңтар күні өткізілген «Еңбек кубогы-2025» шағын футбол турнирі. Жұмысшы жастар арасында спорттық ойынды ұйымдастырудағы мақсат-кәсіпорындардағы жұмысшы жастардың қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, және бұқаралық спортқа тарту.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласы әкімінің орынбасары Тапишев Аслан Нұрланұлы қатысып, ойынның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
11 команда бақ сынаған спорттық бәсеке нәтижесінде жүлделі 1 орынға «Жайық агро ЛТД» ЖШС командасы ие болды. Жүлделі 2 орынды «Sun City» тұрғын үй кешені командасы алса, 3 орынды Машина жасау жоғары технологиялық жабдықтар өндірісі «АО ЗКМК» командасы иеленді.
Сонымен қатар ойыншылар арасында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», және «Үздік шабуылдаушы» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталған қатысушыларда болды.
Дильназ Кусайнова,
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру