ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР КӨШЕСІНЕ АЙНАЛАДЫ
Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беру кездесуінде Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев толығырақ айтып берді.

Шаһар басшысының сөзінше, Орал қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында 3-ТЖЖ жасақталып, бекітілген. Бұл «Ескі қала», «Орталық», «Солтүстік» аудандарды қамтиды.
Басты мақсат – қаланың ескі аумағының тарихи келбетін, құрылымын, тарихи ескерткіштерге жататын бірегей ғимараттарды сақтай отырып, «Ескі қала» ауданының заманауи сәулет-жобалау құрылымын қалыптастыру. Сондай-ақ болашақта ірі сауда кешендерін қайта салу, саябақтар мен тынымбақтардың алаңын, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдарын ұлғайту көзделіп отыр. Алдағы уақытта Достық даңғылын жаяу жүргіншілер көшесі ету жоспарлануда, бұл тарихи ескерткіштердің келбетін айшықтап, көлік құралдарының жүктемесін азайтады. Осы ауданда жаңа тұрғын үй құрылысын және әлеуметтік, транспорттық, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту да қарастырылуда.
– «Ескі қала» ТЖЖ-ның негізгі басымдықтарының бірі – ескі үйлерді сүру кезіндегі құрылысты реттеу. Ескі үйлердің көпшілігі қала орталығында орналасқан. Бүгінде ТЖЖ-ны жүзеге асыруды бастадық. Ескі үйлерді сүру мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі негізінде атқарылады. ТЖЖ-ға сәйкес біз үйлердің, аурухананың және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысын реттейтін боламыз, – деді Мұрат Рахметұлы.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу