«ДОМБЫРА» АРНАСЫ АШЫЛДЫ
Бұл жайында аталған телеарнаның директоры Қанат Ержігітов бүгін журналистермен кездесу барысында аталған телеарнаны ашу көптен көңілде жүргенін, осыдан 2,5 жыл бұрын «Жұлдыз» арнасын ашқанын, енді соның жанынан «Домбыра» телеарнасы ашылып отырғанын айтты.

Директордың айтуынша, алғаш «Жұлдыз» телеарнасын ашқанда халық тарапынан «сіздер қазақтың дәстүрлі ән-күйлерін берсеңіздер» деген өтініштер келіп түскен. Кейін зерттей келе расыменде дәстүрлі музыка бойынша телеарна жоқ екеніне көз жеткізіпті.
«Қазір бұл салада тың дүниелер өте аз, сондықтан екі ай болды Алматы мен Астана қалаларында түсірілімдерді бастап кеттік. Телеарна қазір ID tv кабелдік жүйесінде тестілі режимде тұр. Жұма немесе дүйсенбі күні толықтай қосылады. Негізгі мақсатымыз әр қазақ дәстүрлі өнерді кез-келген уақытта теледидарды қосып көре алатындай жағдайға жеткізу. Телеарнада тек домбыра жайлы емес, жалпы ұлттық музыка аспаптары жайлы хабар тарайды», – деді Қанат Ержігітов.
Телеарна жүз пайыз қазақ тілінде 24 сағат бойы қазақ өнері жайлы хабар таратады.
«Бұл қуанышты үлкен шара. Қазір даңғаза музыканың жаулап бара жатқаны жаныңды ауыртады. Эстрада жеңіл жанр екені белгілі, алайда оның барлығын жоққа шығарғымыз келмейді. Әр қазақтың үйінде күмбірлеген домбыраның үні естіліп жатса ол балаға сіңе берер еді. Қолға алынып отырған бұл шаруаның өзі «Рухани жаңғыруға» тән деп ойлаймын», – дейді Қазақстанға еңбегі сіңген артист Секен Тұрысбеков.
Дереккөз: Әділет МҰСАХАЕВ, BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу