Дін саласындағы мәселелер қаузалды

Бүгін, тамыздың 8-і күні «Атамекен» өнер ордасының мәжіліс залында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудың рөлі» атты тақырыбында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің Батыс Қазақстан облысына іссапармен келуіне орай облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі болды.
Жиынды БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз ашып, Бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлына қош келдіңіз айтып, облыс көлеміндегі діни ахуал туралы қысқаша тоқталып өтті. – Бүгінгі өткізіліп отырған кездесудің мақсаты – ҚМДБ төрағасы Бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы мен өңірдің зиялы қауым өкілдерін бір үстелдің басына жинап, елдегі, қала берді аймақтағы діни ахуалды, рухани-ағартушылық бағытындағы алдағы жоспарларды және қолға алынып жатқан маңызды іс-шаралар төңірегінде еркін сұқбат құру, – деді Нұрділдә Серікұлы.
Бұдан кейін Бас мүфти сөз сөйледі. – Облыстарға барған сапарымда өздеріңіз секілді аймақтағы аузы дуалы ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, ақыл-кеңесін, ұсыныс-пікірін тыңдап келемін. Себебі, сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін өте қымбат,-деді Бас мүфти – Наурызбай қажы.
Жиынға қатысушылар тақырыпқа байланысты ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.
Бұл туралы мақаланы толығырақ «Жайық үнінің» осы бейсенбіде шығатын кезекті санынан оқисыздар.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу