ДЕРКӨЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР САНЫН КӨБЕЙТУДІ СҰРАДЫ
15 қыркүйек, жексенбіде деркөлдіктер «Орал» спорт кешенінде ұйымдастырылған қабылдау шарасында қала басшысы мен құрылымдық бөлім басшыларына көкейдегі мәселелерін жеткізді. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы 64 тұрғын шараға келген болса, олардың 24-і шаһар басшысы Абат Шыныбековтың қабылдауында болған.

Қоғамдық көлікке қатысты мәселе – Деркөл елдімекені тұрғындары үшін де өзекті. Елдімекенмен қаланы байланыстыратын №7, №7 «Үміт» бағыттарындағы автобустардың қозғалысына қатысты шағым аз емес. Қоныстанушылардың көбеюіне байланысты елдімекендегі «Көкжиек», «Сарыарқа» шағынаудандарында халық саны артуда. Әрі олардың басым көпшілігі қалада жұмыс жасайтындар немесе оқу орындарының студенттері екенін есепке алу қажет. Қала әкімі мен жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарына жолыққандар осы мәселені алға тартып, Деркөлдегі қос шағынаудан бағытына қосымша жаңа автобус шығаруды немесе сыйымдылығы үлкенірек автобустардың жиі жүруін сұрады.
«Сарарқа» шағынауданына жоспарланған жол құрылысы, саяжайлардан балаларды мектепке тасымалдау, елдімекендегі қоқыстардың уақытылы тазалануы мен «Сарыарқа» қоқыс контейнерлерін жаңарту, бұралқы иттерді жою, балалар ойын алаңын салу, тұрғын үй, жұмыспен қамту сынды мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.



Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу