ДЕНИС ТЕНДІ ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Белгілі спортшы Денис Теннің өліміне қатысты істің үкімі шықты. Жарты жылға созылған, 38-томнан тұратын қылмыстық іске қатысты шешім оқылды. Қайғылы оқиғаға қатысы бар деп айыпталған 3 күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып тергелген. Олар Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Денис Теннің өліміне қатысты 38 томнан тұратын қылмыстық істі бүге-шігесіне дейін қараған судья Кеңшілік Әбділдиновсоңғы сот отырысында үкімді оқыды.
– Сот үкім етті. Құдайбергенов Арман Бөрібаевичті ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен, 99-бап 2-бөлігі 7-8-тармақтарымен, 192-бап 2-бөлігі 1-4-тармақтарымен көзделген құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып 04-13 ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігіне сай жазаларды ішінара қосу арқылы Құдайбергенов Арман Бөрібаевичке түпкілікті 18 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. 05-13 ҚР ҚК бойынша 58-бабының 4-бөлігіне сай жазаларды ішінара қосу арқылы Қиясов Нұралы Дәулетбековичке түпкілікті 18 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Толыбаева Жанар Үлкенбаевна ҚР ҚК 434-бабымен көзделген құқықбұзушалақтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қайғылы оқиға өткен жылдың 19 шілдесінде Алматының қақ ортасында болған еді. Құрманғазы мен Бәйсейітов көшелерінің қиылысында Денис Тен көлігінің айнасын ұрлап жатқандардың үстінен түсіп, тоқтатпақ болған. Бұзақылар жабылып, спортшыны пышақтап кеткен. Ауыр жарақат алған Денис Тен көп қан жоғалтып, Орталық клиникалық ауруханада екі сағаттан кейін көз жұмған. Осы оқиғаға қатысы бар күдіктілер құрықталып, түгел тергеліп, сотқа тартылды, – деді судья.
Алайда, судьяның шешімімен келіспеген тараптар алдағы 15 күнде Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.
қайнар көз: kaztrk.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу