8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2022 1750 0
Қалалықтар қаперіне

ДЕБАТ ТУРНИРІ мәреге жетті

Өткен аптада, яғни  9 сәуір күні Орал қаласы әкімінің кубогы үшін мектеп оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған турнирдің ашылуына қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов пен Орал қаласының білім беру бөлімінің  басшысы Ақжарқын Темірханова қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Оралда дебат қозғалысы қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта қаладағы 50 мектеп пен екі қосымша білім беру ұйымында дебат клубтары құрылған. Белсенді оқушылар клуб мүшелігіне қабылданып, спикерлері түрлі турнирлерде ұтымды ой-пікірлері мен идеялар ұсынып, көзге түсіп келеді. Нәтижесі де жоғары. Облыстық, республикалық дебат ойындарына қатысу арқылы деңгейлерін көтеріп, жүлделі орындарды, үздіктер номинацияларды  иеленуде. Әкім кубогы үшін ұйымдастырылған турнирге мектептер мен оқушылар сарайы атынан шыққан жалпы 10 фракция қатысты. Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов дебат турнирінің маңыздылығын атап, қозғалысты дамытуда жас жеткіншектерге сенім білдірді.

– Ашық ой алаңына қызығушылық танытқан жасөспірімдердің қатары артқаны қуантады. Дебат қоғамда орын алған өзекті мәселелерді, болып жатқан кейбір  жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы, сыни ойлау, жүйелеу дағдыларын жетілдіреді. Өз позицияларын сақтап, оны нақты дәлелдермен жеткізу, идея ұсыну – білім мен тапқырлықты қажет етеді. Сондықтан көбірек оқу, ақпараттар ағынын сыни қабылдау мен ұстанымды дәлелді қорғауға деген ұмтылыс маңызды. Өңірде дебаттық қозғалыс 2000 жылдардан бастап дамыды. Яғни,  «Ақиқат» пікірталас клубы ашылды. Сол кездің өзінде Оралдың жастары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, республикадағы пікірсайысшылардың алды болды. Осы қозғалыстың одан әрі дамуына сіздер де үлес қосады деп сенемін. Білім бөліміне немесе қала әкімдігіне ұсыныстарыңызды білдіруге болады. Жақсы идеялар болса біз қабылдауға дайынбыз, – деді Мирболат Сағынғалиұлы.

Турнирдің  ашылу салтанатында дебаттық қозғалыстың үздік спикерлері  ашық алаңда еркін форматтағы ұшқыр ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Оқушылар  сарайының дебат қозғалысының жұмысы таныстырылды.

Ал әкім кубогын сарапқа салған турнир америкалық парламенттік форматта өтті.  Қатысушы фракциялар «Бұл палата «Қазақстан халқына» қорына жиналған қаржыны пайдаланудың тиімді механизмін ұсынады», «Бұл палата ҚР азаматтығын алу талаптарын күшейту керек деп есептейді», «Бұл палата Әлем елдері арасындағы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әкелер басты зиянын көрсетеді», «Бұл палата Бірінші экономика сосын саясат деп есептейді», «Бұл палата БҚО дебатын дамытудың тиімді механизмін ұсынады», «Бұл палата пікірсайысшы оқушыларды қолдауға арналған жаңа бағдарлама ұсынады», «Бұл палата қазіргі қоғамда «Ұлттық құндылық» жойылып бара жатыр деп есептейді» секілді қарарлары дискуссия жасап, өз ұстанымдарын нақты аргументтер арқылы жеткізе алды.

Турнир нәтижесінде №41 мектеп-лиицейдің  «Аралас» фракциясы  Әкім кубогын жеңіп алды. №42 «Ақ ниет» гимназиясының «Ақниет» фракциясы – екінші, Оқушылар сарайының «Оқушылар сарайы» фракциясы – үшінші  орынды иеленді. Турнирдегі  жақсы ойыны үшін №49 мектептің  «Дарабоз» фракциясына «Үздік талпыныс» аталымы берілді.

                             Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
278 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
366 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
368 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
411 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
426 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
794 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
921 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
955 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1229 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1238 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1369 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1666 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1763 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1789 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2000 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2273 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»