Даулы іс қашан аяқталады?

«Кублей» зауыты мен қала әкімдігі арасындағы сот дауы әлі аяқталар емес. Таяуда облыстық сотта бұл іске қатысты шешім қайта өзгерді. Бұған дейін экономикалық сот консерві зауыты мен құрылыс компаниясын өзара ымыраға келу туралы шешім шығарған еді. Бірақ дауласушы тараптар мұнымен келіспей, облыстық сотқа қайта жүгінді.
Судья Жұрабаев соттасып жатқан «Кублей» мен әкімдік бітімге келсін деп тараптарды ымыраға шақырып, істі тоқтатып қойған болатын. «Кублей» қорғаушылары өзара ымыраға келу мүмкін еместігін талай айтқан. Бүгін істі аппеляцияда қарап, судья Айгүл Маштақова әріптесі Жұрабаевтікі дұрыс екенін, сот ісі әрі қарай жалғасатынын айтты. Алайда, «Кублейдің» заңгерлері бұл заңсыз деп отыр. Өйткені, материалдарды қайта Үкіметке жіберу Азаматтық кодексте жазылмаған дейді адвокаттар.
– Бұл шағымды біз судьяның барлық дәлелдемелеріне қарамастан, сот шешімін шығарудың орнына тараптарды ымыраға келтіру үшін өндірістік істі тоқтатып тастағаны үшін түсірдік. Бұл – заңсыз. Азаматтық іс жүргізу кодексінде пікірталастан кейін соттың шешім шығару керегі анық жазылған. Алайда, судья мұны есепке алмай, материалдарды Үкіметке қайта жолдап отыр. Мақсат – Үкіметтің ұстанымын білу шығар, бірақ мұндай нормада Азаматтық іс жүргізу кодексінде жоқ,- дейді «Кублей» компаниясының адвокаты Жәнібек Башанов. Экономикалық соттың бұған дейінгі өзара бітімге келу туралы шешімімен Орал қаласы әкімдігінің мамандары да келіспейді. «Біздің ойымызша, соттың шешімі заңсыз. Апеляцияға шағым берілді. Заңсыз деп танылса қайтадан қаралатын болады. Біз берген шешімнің барлығы да заңды. Орал қаласы әкімдігінің бәрі,- дейді қалалық әкімдік өкілі Ерболат Каримов. Айта кетелік, екі жылға созылған бұл дауға “Ирменов” жеке кәсіпкерлігі салған көп қабатты бірнеше үйдің құрылысы себеп болған еді. Консерві зауыты өкілдерінің айтуынша, үйлер санитарлық аумақтан салынған. Ал бұл заңға қайшы. Егер тұрғындар өндіріс орнындағы шу мен өзге де жайсыздықтар мазасын алатынын айтып шағымданса, кәсіпорын жабылып, 700 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығына да ауыр тиері анық. Өйткені жергілікті шаруалар өз өнімін өткізетін жер таппай қалады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу