ДАУ МҰРАТЫ – БІТІМ
Бүгін Орал қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Мұқаевтың төрағалығымен медиация мәселелеріне арналған басқосу өтті. Оған кәсіби, кәсіби емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және қалалық бөлім басшылары қатысты. жиында Орал қаласы әкімдігі мен №2 қалалық сот ынтымақтасты туралы меморандумға қол қойды.

Қалалық соттағы татуластыру кабинетінің татуластырушы судьясы Шынар Шайдиеваның мәліметінше, республика бойынша 2016 жылы соттарда 2 млн. іс қаралған, 2017 жылы ол 3 млн.-ға жетіпті. Яғни әр бесінші қазақстандық дауласып жүргенін байқаймыз. Орал қаласы сотына биыл 8 мыңнан аса талап арыз түскен. Олардың басым көбі отбасылық даулар, неке мәселесі. Бір жанұяда кемінде екі баладан болса, демек төрт адамның тағдыры сотта қаралады деген сөз. Тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық саласында, мектептерде, мекеме-ұйымдарда шиеленісті жағдайлар жоқ емес. Халықтың санасында кикілжің сотта ғана шешіледі деген түсінік қалыптасқан. Татуласу жобасы – осы түсінікті өзгертіп, сотта қаралатын істерді азайтуға бағытталады. Дауды баламалы әдіспен шешу екі тарапқа да қолайлы. Сондықтан халық арасында медиация түсінігін қалыптастыру маңызды.
БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Алуа Рахишева медиация кабинетінің жұмысы туралы мәлімет берді. Ашылғанына үш жылға жуықтаған кабинет арқылы медиативтік келісіммен аяқталған істер аз жетерлік. Биылдың өзінде 97 медиациялық бітім жасалған. Ассамблея жанындағы медиаторлық кабинетте бүгінде облыс бойынша 44 кәсіби, 129 кәсіби емес медитор бар. Олардың көмегімен жалпы 1600 іс медиациялық рәсіммен шешілген. 2,5 жыл ішінде медиация кабинеті «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, ІІД, кәсіпкерлік палатасы және облыс аумағындағы соттармен барлығы іскерлік байлнаныс туралы 9 меморандум жасаған.
«Татулас» кәсіби медиаторлар мекемесінің медаиторы, адвокат Мавлина Хабиева халықтың медиаторларға жолығуы үшін кедергісіз орындар қарастыруды және медиаторларды халық арасында танытуға бағытталған ақпараттық жұмыстар қажеттігін алға тартты.
Мұрат Рахметұлы жиында айтылған ұсыныстарға орай насихат жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
В ЗКО собрали 760 тонн мусора на 423 локациях за один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Кіру
Пікір үстеу