8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2018 2875 0
Қоғам

ДАНАЛЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Қазақ халқы ұстазыңды атаңнан да әзіз тұтуды баса айтады. Қандай да бір туыстық қатынас байланыстырмаса да, өмірлік тәжірибе сабақтарына баулушы ретінде ұстаз мерейі асқақ. Баланың бас ұстазы ата-ана болғанымен, әке-шешенің өзі баласын мұғалім атаулыға сеніп тапсырады. Адам баласының ең аяулы сәттерінің бірі студенттік шақта үлкен өмірдің шымылдығын осы маман иесімен бірлесе түреміз. Білім мен тәрбиенің жалауын желбіретуді осы «туыс емес туысымызбен» жалғастырамыз.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі өзіндік өміри тарихи парағымызды ашқан тұста біздің топқа профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы тәлімгер-куратор ретінде белгіленді. Кейіннен Абат ағайымыз екінші әкеміздей ілім-білім теңізінде киелі ойымен жүйелі сүңгуге баулыған жанға айналды. Алғашқыда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик ғылыми атағына, ғылыми дәрежесіне ие лауазымды топ жетекшімізге қарап сөйлеуге сескенетінбіз. Себебі  көзқарасынан қаталдық, талапшылдық, қоңыр үнінен салмақтылық, сабырлылық сезілетін. Бағдарлай келе, ағамыздың даналық пен даралықтың үлгісін танытып үлгерген тұлғалылығын дереу ұғындық.

Абат Сатыбайұлы – біздің шығармашылық қабілетімізді жона білген, шыңдай білген білгір маман. Жанарымыздағы жарқылды байқап, орамды ой, орынды бағыт сілтеу арқылы бауырына тарта баули алды. Яғни, ұстазымыз өз шәкірттерін қоғамның бір кірпіші тұрғысында қалыптасуына жол ашқандай.  Студенттік кезеңдегі қайталанбас, қимас жылдар барысында тәлімгер ұстазымыздың қамқорлығында болдық. Бір анығы, ол – кәнігі психолог жан. Жүзіңнен, сөзіңнен бәрін ұғып тұратын, соған сай өз ақыл-кеңесін төгетін. Дөп баса айтқандарының дәл келетіндігіне қайран қалатынбыз. Нағыз педагог тұлға жантану саласын терең меңгереді екен-ау!

Күнделікті қызметте ғана емес, жанұясындағы жарасымды сақтаған адам – бек азамат. Абат ағай Орал шаһарындағы өнегеден өрім өріп, сыйластықтың сән-салтанатын құрып отырған отбасы иесі. Жұбайы Диамара ханым да, ұл-қыздары да – білім-ғылым ғаламындағы жандар. Облысымыздың қай елді-мекені болмасын, ол кісілерді шұғылалы шаңырақтың озық үлгісі тұтып, төрге шақыруға құрақ ұша әзір тұрарына тәнтіміз.

Біз топта он сегіз қыз, екі ұл болдық. Білім ордасын бітіргенше кураторымыз міндет қылған сана мен сауаттылықтың ұршығын иірдік. Әркез қатесіз жазуымызды қадағалап, қайсар пікір айтуға қайрап отыратын. Университетпен қоштасар сәтте әбден бауыр басып, замандасқа айналған, алдын қия кеспейтін ұлағатты ұстазымыз атанған Абат Сатыбайұлын қимай еріксіз көз жасына ерік бергеніміз әлі есімізде… Адамның адамгершілігі  жақсы ұстазынан емес пе. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, бүгінде жиырмамыз да жанымыз қалаған қызметтеміз.

Ағайымыздың жанында жүріп байқаған ұстазымыздың айрықша тұсын айтпай кетуге болмас. Ол – тәлімгер тұлғаның шешендік статусы. Өз кезегі келіп, сөз алғанда ұстаздың дуалы аузынан киелі сөздер тізбегі төгілгенде, аудитория ұйып тыңдай қалатын. Бұл қасиетін өз бойына жиып қана қоймай, шәкірттеріне дарытуды көздейтін. Алғашқы курстан-ақ шешендікке баулу мақсатындағы шеберлік сабақтарының тиегін ағытқан-ды. Күлліміз қосыла іздендік, алғашқыда тісіміз батпайтындай-ақ көрінді. Десек те, шешендіктанушы ұстазымыздың қолдауымен темірдей тәртіп сақтай отырып, тұлға болудың қыр-сырына қанықтық. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын ұйымшыл үздік топтың бірі болғанымызға көпшілік куә.

Атырау аймағында туғанмен, Оралдық ортада түлеген ол біз оқыған тұста филология факультетінің деканы, «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры болды. Ұстазымыздың жұмыс кабинетіне жиірек бас сұға жүріп, жарыққа шығарған талай күрделі еңбектеріне куә болдық. Ғалым ағамыздың журналистік зерттеулері, ғылыми монографиялары, сан алуан күрделі мәселелерді қозғаған ауқымды мақалалары, шешендік өнер хақындағы жинақтары, афоризмдердің басын біріктірген кітаптары және т.б. туындылары біз секілді шәкірттеріне ерекше серпін берді. Танымал тәлімгеріміздің ілім дүниелеріне қарай отырып, оқу-жазуға ниетіміз көл-көсірленетін. Ұстазымыздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы да адами болмысымыздың толысуына әсер етті. Еңбекке ерекше ынтызарлығы, жақсы шәкірт шығаруға ықыласы, тың деректерді іздеуде тыным таппауы – студенттермен қоса жас мамандарға көл-көсір өнеге боларлық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген леппен ой өрер болсақ, әсіресе, ұстаз туралы әңгіме легі таусыла қоймас. Қорыта айтқанда, тәлімгеріміз профессор Абат Сатыбайұлы – мамандықтың төресін лайықты атқарып жүрген арда азамат, мәртебелі ұстаз. «Алты алаштың басын қоссаң да, төрдегі орын – ұстаздікі» демекші, педагог атаулыға құрмет қашан да биік. Біздіңше, Абат сынды ұстазымыз замананың заңғарына ұмтылған ұлт жастарына, үкілеген үміт көзі әр шәкіртке тау тұлға боп есептелмек.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2017 жылғы түлектері атынан

Нәзік Ғазез, университеттің II курс магистранты,

Мөлдір Латифова, облыстық радио редакторы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
324 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
424 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
668 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
936 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1159 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1199 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1352 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1544 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1776 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1863 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1976 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1980 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2014 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2014 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2121 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2341 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»