«Дайындықты ыждағаттау керек»
Қаладағы 35 денсаулық сақтау нысанының 28-і жылыту маусымына дайын. 49 білім беру ұйымының 46-сы, 44 балабақшаның 42-сі бойынша дайындық шаралары жүргізілген. Бұл туралы қалалық әкімдікте 2018-2019 жылға жылыту маусымына дайындық барысы туралы өткен жиында мәлімделді. Қала әкімі Мұрат Мұқаев қыркүйек айында мектепке дейінгі ұйымдар жылу беруге 100 пайыз дайын болуы керектігін ескертті.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиевтің мәліметінше, шаһарда 1 222 көп қабатты үй бар. Бүгінде 623 үйдің беріктік қысымы тексеріліп, тазартылған. 105 ПИК-тің 40 пайызы дайын, көпшілігі дайындықты әлі бастамаған. Бөлім мамандары қысқы маусымға дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ПИК-терге енбейтін үйлердің тұрғындарымен жиындар өткізуде.
– Әсіресе, Громова көшесі 2/1, 2-ші километр, 24/1, пр. Еуразия даңғылы 88/1, Құрманғазы көшесі 111, Луговая, 47/1, Покатилов көшесі 69/1 сынды ортақ мүлікті пайдалану және қамтамасыз ету жұмыстарын тиісінше атқармайтын, салдарынан уақытылы жылуға қосылмайтын үйлерге басымдық берілуде, – деді Миржан Жанғазыұлы.
Қалада ПИК-тер құрамына кірмейтін үйлер саны – 129. Олардың 89-ында түсіндіру жиындары жүргізілген. Бұл үйлер бойынша үйдің үлкендерімен бірге дайындық пысықталуда. Мұрат Рахметұлы қалған үйлердің тұрғындарымен осы айдың соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізуді және дайындық шараларын ұйымдастыру қажеттігін тапсырды.
– Жыл сайын мәселе туындап отырған мекенжайлардағы жеті үйдің төртеуі бойынша жыл басында берілген тапсырмалар орындалды, енді қалған үшеуі бойынша дайындықты ыждағаттау керек. Бұған 7-10 күн уақыт беремін. Бұл үйлердегі тұрғындар жыл өткен сайын мәселелерін коммуналдық қызметтердің мойнына асып қоюға дағдыланған. Бірақ, әркім жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттің мойнында отыра беруге болмайтынын түсіндіру қажет. Өткен жылы ауа райының салқындауына байланысты қыркүйек айының соңында балабақшалар жылуға қосылды. Биыл да уақытынан бұрын дайын болуы керек, – деді Мұрат Рахметұлы.
Бүгінде «Жайық жылу қуат» АҚ жылыту маусымына дайындығы – 75 пайыз. Жөндеу жұмыстарының 77 пайызы аяқталған. Жылу таратушы компания басшысы Мұрат Байменов қыркүйек айының соңына дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталатынын айтты. Өткен жылы тұрғындар тарапынан шағым көп түскен аумақтар бойынша ПИК-термен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Мұрат Болатұлы жылу мен ыстық суға қарыздары бар тұрғындардан қарызды өндіру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, өткен жылы 3 мыңнан аса, биыл 2 мыңдай борышкерге қатысты талап-арыз берілгенінін мәлімдеді.
– Сот орындаушыларымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. 798 бірлік жылжымайтын мүлікке және 281 азаматтың ел аумағынан шығуына тыйым салынды. «Ураган» жүйесі арқылы жергілікті полиция қызметімен бірге 150 автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл жүйе нәтижелі. Қарыздарын өтеп, көліктерін алып кетіп жатқандары бар, – деді жылу таратушы компания басшысы.
Жиын соңында қала басшысы Мұрат Мұқаев әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындықтарын және әзірлік паспорттарын 25 қыркүйекке дейін аяқтауды, тұрғындардың берешектерін азайту бойынша жол картасын дайындауды тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу