8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2019 1465 0
Дені сау ұлт

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫСЫ 500 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖЕТЕДІ

Дәрігерлердің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе көп болуы керек. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдем жасақтары мен стационарлық қабылдау бөлімдерінің арасындағы IV республикалық жарыстың ашылуында осылай мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елдегі медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 240 мың теңге көлемінде. Бірақ бұл сала мамандарының көбі осынша мөлшерде жалақы алып жүр деген сөз емес.

«Біз маусым айында ғана медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсірдік. Оның ішінде жедел жәрдем өкілдері де бар. Министрлік оны барлығы алғанын қадағалау үшін жағдайға мониторинг жүргізіп отыр. Бұл іске әкімдіктер мен кәсіподақты да тарттық. Еңбекке сай жалақы болуы маңызды. Орташа еңбекақы ең жоғарғы айлық пен ең төменгінің арасынан алынатынын ұмытпау керек. Бізде бұл көрсеткіш 240 мың теңге мөлшерінде. Ал саладағы еңбек өтілі мен санаты төмен мамандардың көбі 120-140 мың теңге алып жүр. Көршілес Ресейде дәрігерлердің орташа еңбекақысы бізден 2 есе артық. Сондықтан да мамандар бізде тұрақтамай жатыр»,- деді Елжан Біртанов.

Ол сондай-ақ, алдағы бес жылда дәрігерлердің еңбекақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтады. «Дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша нақты қадам жасалып жатыр. 2025 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 500 мың теңге болуы тиіс. Біздің ойымызша, медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Осы кезде ғана мамандар тұрақтап, ынтамен жұмыс істейтін болады. Өйткені, дәрігер нақты жұмысқа кірісу үшін 10 жыл көлемінде оқиды. Жұмысқа кірісе салып өз бетімен күрделі шешімдер қабылдауы керек. Мұны өзге мамандықтармен салыстыруға болмайды. Біз әлемнің өзгеелдеріндегі жағдайды ескере отырып осындай ойға келдік», – деді Елжан Біртанов. Министрдің айтуынша, осыған қарамастан Қазақстанда жедел жәрдем қызметі беделді мамандықтардың бірі саналады.

Еске салсақ, ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов алдағы екі жылда жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік берілетінін айтқан болатын.

ҚазАқпарат

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
55 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
273 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
764 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1072 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1501 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2117 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2284 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2291 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2339 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2345 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1987 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2825 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2881 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2874 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3456 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3442 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3420 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3630 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»