«ЦИФРЛЫҚ ӘЛІППЕ» ИНТЕРАКТИВТІ-АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Цифрлы Қазақстан» жобасын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен дайындалған «Цифрлы әліппе» интерактивті-ақпараттық жүйесінің тұсаукесері өтті.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Мыңбаеваның басшылығымен өткен тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Д.Сатқанов, филология ғылымдарының кандидаты А.Абдульманов сөз сөйледі. Аталмыш шараға ЖОББМ-ның мұғалімдері, колледж оқытушылары, мемлекеттік мекеме, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
«Цифрлы әліппе» электронды интерактивті-ақпараттық жүйесінің мақсаты – латын графикасындағы жаңа әліпбиді онлайн оқыту, латын графикасына негізделген ұлттық әліпби арқылы мәтіндерді таңбалау дағдыларын қашықтан меңгерту, қазақ тілінің жаңа жазуын оқыту, алған білімдерін интерактивті жаттығулар арқылы пысықтау.
«Цифрлы әліппе» жүйесі мекеме қызметкерлеріне дербес компьютерлері және мекемедегі корпоративті жүйені қолдану арқылы латын графикасындағы жаңа қазақ тілі әліпбиін қашықтан оқытуға арналған жоба. Аталмыш жүйе арқылы тыңдаушылар жұмыс орындарында отырып, өздеріне ыңғайлы уақытта өз беттерімен қазақ тілінің жаңа жазуын оқып үйреніп, интерактивті жаттығулар арқылы алған білімдерін пысықтай алады.
«Цифрлы әліппе» жүйесінің құрылымы: латын графикасына көшу бойынша әдістемелік дерекқордан, латын графикасындағы жаңа қазақ тілі әліпбиін оқыту бойынша онлайн режимдегі курстан, әртүрлі интерактивті жаттығулардан, онлайн дәрістер мен практикалық сабақтардан, тест тапсырмаларынан, әкімгермен кері байланыс құрылғысынан, оқу курстарының материалдары бойынша сөздіктерден, дыбыстық айтылым мен онлайн диктанттан тұрады.

Аталмыш жүйеге www.elatyn.kz сілтемесі бойынша өтуге болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу