8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2023 1051 0
Мезгіл мәселесі

Биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады

Бүгінде ел бойынша барлығы 2,4 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы қолайлы ауа райы жағдайлары егін жинау жұмыстарын уақтылы бастауға мүмкіндік берді және бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1 пайыз дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды», – деп баяндады министр.

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. «Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24 млн гектарды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 651,8 мың гектарға көп. Қазіргі таңда оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады», – деп мәлім етті ведомство басшысы.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
146 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
388 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»