Бишімбаев тағылған айыпты мойындамады
Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша алдын ала тыңдалым өтіп жатыр. Тыңдалымда әйелін өлтірді деп күдіктелген Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.

Сотта Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсінетінін, алайда мұны мойындамайтынын жеткізді. Ол соттың ашық түрде, БАҚ өкілдері және алқабилердің қатысуымен өтуін сұрады.
“Мен кінәні мойындамаймын. БАҚ өкілдері қатысып, барлық материалдар жариялануы үшін соттың ашық түрде, алқабилермен өткенін қалаймын. Егер сұрақтар туындап жатса, менің ұстанымым – осы”, – деді Бишімбаев.
Бишімбаевтың адвокаты қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі Назкен Құсайынованың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық істе заң бұзушылықтар анықталған. Ол қылмыстық іc 16 том екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру