8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2024 2434 0
Оқиға

Бишімбаев тағылған айыпты мойындамады

Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша алдын ала тыңдалым өтіп жатыр. Тыңдалымда әйелін өлтірді деп күдіктелген Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. 

Сотта Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсінетінін, алайда мұны мойындамайтынын жеткізді. Ол соттың ашық түрде, БАҚ өкілдері және алқабилердің қатысуымен өтуін сұрады.

“Мен кінәні мойындамаймын. БАҚ өкілдері қатысып, барлық материалдар жариялануы үшін соттың ашық түрде, алқабилермен өткенін қалаймын. Егер сұрақтар туындап жатса, менің ұстанымым – осы”, – деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың адвокаты қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі Назкен Құсайынованың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық істе заң бұзушылықтар анықталған. Ол қылмыстық іc 16 том екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
14 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»