БІР ТҮНДЕ БЕС ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ӨРТЕНДІ
Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде бес үйдің ауласы өртенді. Оқиға Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды. Бүгін түнгі уақыт 00.41-де ауыл тұрғынынан өрт туралы хабар түскен. Мұнайшылар көшесі 1-мекенжайда 9 тонна пішен күлге айналды. Тәуелсіздік көшесі 21/А-мекенжайында 120 шаршы метрді қамтыған шаруашылық құрылысы, 1 тонна жем (бидай) мен 15 тонна пішен отқа оранды. Оқиға орнында аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлері мен өрт сөндірушілерден штаб құрылды.

Пионер көшесі 26-үй 1-пәтерде 60 шаршы метрді қамтыған, құжаттары жоқ шаруашылық құрылысының төбесі және 12,5 тонна пішен өртенді. Ә.Молдағұлова көшесі 6-үйде 100 шаршы метр құжаттары жоқ шаруашылық құрылысы, 9,6 тонна пішен және 1 бас ірі қара жанып кеткен. Құрылысшылар көшесі 2-үйде 80 шаршы метр құжаттары жоқ шаруашылық ауласы, 20 тонна сабан, 7 торай, 12 күркетауық және 15 тауық өрт құрсауында қалды. Өрт сағат 06.41-де оқшауланып, 08.38-де сөндірілген.
Алдын ала жорамал бойынша өрт қасақана от қоюдан шыққан. Қазіргі кезде нақты себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде. Өрт салдарынан жапа шеккен тұрғындар қызыл жалынның адам қолымен арнайы тұтанғанына сенімді.Ауа-райының тымық болуы себепті ауылдағы тұрғынжайларға зиян келмеген. Алайда осыдан екі ай бұрын шілдеде екі үйдің мал азығы сақталған орыны бір мезетте жанып кетіпті. Ауылдық ағайын биылғы маусымның құрғақ болуына байланысты жиған тергендерін жем шөпке салғанын айтады. Өкінішке орай әупірімдеп жиналған мал азығы ән сағатта күлге оранып отыр.
– Менің төрт балам бар. Сиыр сүтін сауып, сатып, мал азығын жинап едім. Бір түнде өртеніп кетті. Енді мал қорасы мен қайтадан жем-шөп жинауым керек. Енді төрт баламмен кімнен көмек сұрарға білмей отырмын,- дейді ауыл тұрғыны Гүлбаршын Камалиева.
Қызыл жалын әлі де құрықтала қоймаған, өрт сөндірушілер оқиға орнында отты толықтай сөндіруге бар күшті салуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 өрт бөлімшесі, 8 техника, 30 қызметкер жұмылдырылған.
Ауыл әкімі Әубәкір Төлеуов шығындар есептеліп, жапа шеккендерге көмек болатынын айтты. Аталмыш оқиға бойынша Бәйтерек ауданы полиция бөлімі бастығы Сұлтан Шалдарбеков қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
– Қазргі таңда аталмыш іс бойынша ізін суытпай ашу мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,– деді Бәйтерек ауданы полиция бөлімі бастығы Сұлтан Шалдарбеков.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу