8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Мамыр 2019 4318 0
Қоғам

«БІР КӨШЕ – БІР ТАРИХ». ОРАЛДА ЖАҢА КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

Орал қаласында Ж.Молдағалиев  атындағы  облыстық  ғылыми – әмбебап кітапханасының бастамасымен «Бір көше – бір тарих»   кітапханалық  жобасы  бастау алды. Биыл жоба аясында Орал қалалық  кітапханасы, Ақжайық, Қаратөбе, Сырым аудандық кітапханаларымен, келесі жылы өңірдің басқа аудандық  кітапханаларымен бірлесе сол аудандардан шыққан тарихи тұлғалар насихатталады.

– ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Осы бағыттағы жобамыздың мақсаты – Жас ұрпаққа   қала  көшелеріне   есімі  берілген тұлғалар, атаулар арқылы еліміздің  тарихын, мәдениетін,  әдебиетін  терең  таныстыру арқылы кітапханаға, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін,  қызығушылығын  арттыру. Көшеге есімі берілген тұлғаның өнегелі өмірі мен соңына қалдырған шығармашылығы, ерлік ісі, еңбегі, қайраткерлігі, мұрасы мен ізгі істерін насихаттау, – дейді облыстық кітапхана директоры Шолпан Оразаева.

Бүгін басталған жоба Ақжайық аудандық кітапханасымен бірлесе өткізіліп, Ақжайық өңірінен шыққан танымал тұлғалардың есімдерімен аталған көшелерде түрлі шаралар өтті. Атап айтқанда, Жұбан Молдағалиев атындағы саябақта жоба салтанатты түрде ашылып, ақынның атындағы көшеде орналасқан «Атриум» сауда үйінде «Тапқыр болсаң, тауып көр!» фото ойыны, В.Чапаев ескерткіші алдында «По горам уральским, по степным долинам» сазды сағаты және №40 орта мектепте Ораз Исаев көшесінің тарихына арналған «Жазықсыз жапа шеккен» еске алу кеші өтті.

Шараның ашылуында Жұбан ақынның ескерткішіне гүл шоғы қойылып, жұбантанушылар Социал Пұсырман мен Үзілдік Елеубайқызы ұлт тағдырын жырына арқау еткен Жұбан Молдағалиевтың өмір жолы, оның атқарған жұмысы мен адамдық келбеті туралы айтып, әр көшенің тарихымен танысуда жаңа бастаманың рөлі зор екенін атады.

–  Қаламыздың басты көшесінің бірін иеленген Жұбан Молдағалиевті ақжайықтық  әр жерлесіміз мақтан етеді. Бір облыстың өзінде бірнеше жерде ескерткіші орнатылып, көше атауларының берілуі де заңды. Жұбан Молдағалиев – КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Жұбан ақын жыр қосқан туған жері Сайқұдықта өзім де туып-өсіп, ақынның көптеген өлеңдерінде есімдері аталған адамдардың көпшілігімен және ақынның өзін көріп, берген батасы мен өсиетін арқалап, күні кешеге дейін сол ауылда тұрып, адал еңбек еттім. Ақын өмірін зерттеп, көзі тірісінде біршама адамдардан естеліктер жинақтадым. Алматыда Қазақстан КСРО Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы ретінде атқарған қызметі мен адами келбетін ашқан тұстастары Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Серік Қирабаев, Сырбай Мәуленов және басқа да ақын-жазушылармен кездесіп, лебіздерін тыңдадым. Бірінші рет Қазақ КСРО жоғары кеңестеріне депутат болып сайланып, қайраткерлік дәрежеге көтеріліп, Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқанын, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Колбинге қарсы сөз сөйлеп, қазақ жастарын қорғаған батырлығын, екі рет Ленин ордені, «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерін таққанын, екі рет екінші дәрежелі ҰОС ордендерімен марапатталғандарын және 1985 жылы Қазақстанның халық жазушысы атанғанын білесіздер. Ендеше, бүгінгі «Бір көше – бір тарих» жобасы аясында Жұбан Молдағалиев есімінің ерекше аталуы да, ол туралы толғаныс-деректердің ауқымды баяндалуы да заңды. Осы шарадан шыққан әр ойлы жас көшелерге есімі берілген тұлғалар туралы тың деректерді бөлісіп отырса деген ұсынысым бар, – дейді Үзілдік Елеубаева.

Бұл күні облыс орталығында есімдері берілген Ақжайық ауданының тұлғалары насихатталса, ендігі кезекте Қаратөбеден шыққан игі жақсылар таныстырылмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
82 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
382 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2217 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2382 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2389 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2440 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2445 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2924 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2978 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2972 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3553 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3544 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3520 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3680 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»