БІР КҮНДЕ ТОҒЫЗ ҰРЛЫҚ ФАКТІСІ АШЫЛДЫ
Қабылданған шараларға қарамастан ұрлық фактілері азаймай тұр. Мәселен, 26 қаңтар күні батысқазақстандық полицейлер тоғыз ұрлық қылмысын ашты.

26 қаңтар күні 1980 жылғы Ж. есімді азамат үйінен ақша жоғалғаны туралы шағымданған. Полицейлердің іздестіруі арқылы қысқа мерзімде қылмыс ашылды. Күдікті ретінде 1984 жылғы азамат ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлімі (пәтер ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр, оның басқа қылмыстарға қатысы анықталуда.
Ал Бөрлідегі базарда қайырым жасамақ болған әйел телефонынан айырылып қалған. Өтініш білдірген азаматқа көмек көрсетіп жатқанда, қаскүнем оның телефонын ұрлап үлгеріпті. Аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қылмысты ашты. Бұрын сотталған 1990 жылғы А. есімді азамат ұсталып, Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 1-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ тіркелген бірнеше ұсақ ұрлық фактілері ашылды. Атап айтқанда, полицейлер подъезде ұрланған күртені иесіне қайтарды. Чапаев ауылында тұрмыстық ыдыстар ұрланса, Теректі ауданындағы балабақшалардың бірінен кабель жоғалған. Оралдағы Назарбаев даңғылындағы супермаркеттен бірнеше консервідегі ет және 12 қаптамадағы шоколад конфеті қолды болған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу